Сіз әркімге өкпе артып жүргенде, Өмір өтіп барады.

Описание к видео Сіз әркімге өкпе артып жүргенде, Өмір өтіп барады.

Біздің инстаграм парақшамыз:

https://instagram.com/tarmaqtar?igshi...


#tarmaqtar #тармақтар #қазақпоэзиясы #қазақшаөлең #аудиопоэзия #поэзияменіңжүрегімде #поэзияжүрегімде #рысгүлдосжанова

Санжар Ғұлама

Сезесіз бе?
Көңіл көшіп барады,
Көшкен сайын мың әуреге салады.
Сіз әркімге өкпе артып жүргенде,
Өмір өтіп барады.

Кімді күндеп,
Кімді міндеп,
Наласыз,
Кеуде керіп,
Көсілесіз,
Дарасыз!
Көкке ұмтылған сайын елден бөлініп,
Көштен қалып барасыз.

Бұл жүрісте бір күн естен танасыз,
Естен танып күй кешесіз шарасыз.
Қадірімді арттырам, деп жүргенде
Ұмытылып қаласыз.

Күн кешесіз "қатарымнан озаммен",
Кейде еріксіз күйінемін соған мен.
Қанша жерден тусаңыз да ұлық боп,
Қадірлісіз қоғаммен.

Үлкен сыйы Жаратқанның - жарық таң,
Айнымаңыз адамшылық қалыптан,
Жерді басып жүрген жанның ешбірі
Биік емес Халықтан.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке