Түркістанға саяхат: Арыстан баб кесенесі. «Қазақстанға қош келдіңіз!»

Описание к видео Түркістанға саяхат: Арыстан баб кесенесі. «Қазақстанға қош келдіңіз!»

Welcome to KZ №12
Шығарылым сипаттамасы:
Неліктен Түркістанға саяхатты Арыстан баб кесенесінен бастау керек? Орта ғасырларда Орталық Азия мемлекеттері қандай болды? Аты аңызға айналған Отырар қаласынан қазір не қалды? Бұл туралы «Қазақстанға қош келдіңіз!» жобасының жаңа шығарылымында баяндалады.
Арыстан баб – аты аңызға айналған мұсылман әулиесі. Оның өмір сүру кезеңі әртүрлі ғасырларға жатқызылады. Аңыз бойынша Мұхаммед Пайғамбар өз қолымен оған құрманы табыстап, Қожа Ахмет Ясауиға бер деген аманат қалдырған деседі. Сондықтан да ол ұзақ өмір сүрген деп саналады. Арыстан бабтың тұрған жері Отырар қаласы болса керек, өйткені ол сол шаһардың маңында жерленген.
Кешен кесененің өзі мен мешіттен тұрады. Олар күмбезді дәліз арқылы байланыстырылған. Арыстан бабтан басқа мұнда оның шәкірттері – Лашын мен Қарға бабалар да жерленген. Кесененің көлемі 35,12 метр. Ол алебастр ерітіндісімен бекітілген күйдірілген кірпіштен жасалған. Ал мешіттің екі биік мұнарасы бар.
Қабырғалардың бірінен кесенені қалпына келтірген шебердің қолтаңбасын табуға болады. Оның есімі Қалмырза бен Мүсәпір Түркістани. Ол бұл игі істі тегін орындаған түркістандық шебер. 12 ғасырда Әулие қайтыс болғаннан кейін, оның қабірінің үстінде жерлеу орнын білдіретін «төртқұлақ» типті ғимарат салынды. Бұл кішкентай нысан күйдірілген кірпіштен қаланған. Ол бір бірімен қабаттаспайтын ендері 20 см болатын төрт қабырғадан тұрады. Ал алып кесене Әмір Темір билік еткен кезеңде бой көтерді. Бүгінде сол кезден оюлы ағаш бағаналар ғана қалды. Бір кездері олар төбені ұстап тұрған, бірақ уақыт өте келе ескіріп, басқаларына алмастырылды. Алайда, сан ғасырлық жасына қарамастан, қарағаштан жасалған бұйым жасқсы сақталған. Ежелгі ою-өрнектерді бүгінде әркім тамашалай алады.
Ал Отырар қалашығы – киелі мекен ғана емес, сондай-ақ аса маңызды археологиялық ескерткіш. Ондағы қазба жұмыстарын көргенде XII ғасырға тап болғандай күй кешесің. Қала Түркістан облысының Отырар ауданында, Тимур теміржол станциясынан сегіз шақырым жерде, Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жеріне жақын орналасқан.

Толығырақ: https://qazaqtv.com/kk/programms/welc...

#Түркістан #АрыстанБаб #кесене #Отырар #WelcomeToKZ #Қазақстан #шахристан #ӘмірТемір #ҚазақстанТарихы #тарих #аңыз #QazaqTV

Qazaq TV: бізді спутниктік арна арқылы және Youtube, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!

Qazaq TV: смотрите нас на спутниковом ТВ, в Youtube и социальных сетях. Оставляйте ваши коммментарии под этим видео.

Watch us on satellite TV, YouTube and social networks. Leave your comments under this video!

Qazaq TV арнасына жазылыңыз / Подписывайтесь на Qazaq TV / Subscribe to Qazaq TV
https://www.youtube.com/user/KazakhTV...

Біздің басты шоуларды көріңіз / Смотрите наши топовые шоу / Watch our top shows
Qazaq Golden Hits
   • Qazaq Golden Hits  
Trails of Nomads
   • Trails of Nomads  
Байланыс аясынан тыс жерде
   • Байланыс аясынан тыс жерде  

Біздің сайт / Наш сайт / Our website - https://qazaqtv.com/
Vkontakte - https://vk.com/kazakhtv
Facebook -   / qazaqtvkz  
Twitter -   / qazaq_tv  
Instagram -   / qazaqtv_kz  
Telegram - https://t.me/Kazakh_tv

Комментарии

Информация по комментариям в разработке