ОЙЫЛДЫҢ БӨГЕТІН БҰЗУ, АШТЫРУ ЕЛІМНІҢ БОЛДАУ АРМАНЫ

Описание к видео ОЙЫЛДЫҢ БӨГЕТІН БҰЗУ, АШТЫРУ ЕЛІМНІҢ БОЛДАУ АРМАНЫ

ОЙЫЛ ӨЗЕНІНЕ ЖАСАЛҒАН САПАРДЫҢ ЕСЕБІ
24 -25 СӘУІР 2021 ЖЫЛ

24-25 сәуір күні «Ойыл өзені» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Ойыл өзеніне құятын кіші өзендердің сағаларындағы бөгеттер, өткелдер және тағы да басқа кедергілерді анықтау мақсатында шағын экспедиция жолға шықты. Экспедиция құрамында «Ойыл өзені» қоғамдық қорының төрағасы Жүсіп Әбдіғали, мүшелері Жанболат Қосқалиев, Бек Түйешиев, Әділбек Нысанбаевтар болды.

Сайып келгенде, екі күн бойы 916 шақырым жол жүріп, табанымызды тоздырған біз 10 бөгет анықтадық.Сапар барысында не түйдік? Оған берер жауабымыз да дайын. Ойыл өзеніне құятын кіші өзендердегі қолдан немесе табиғи бөгеттер бұзылып, арна бойындағы қамыс, қоға, құба талдар толықтай шабылуы тиіс. Неге? Сондай кедергілер салдарынан Ойыл өзені өз деңгейінде ақпай, экологиялық апат туындатып отыр. Бұлай жалғаса беретін болса, ауыз су тапшылығы орын алып, мал азығы мен Ойыл өзені арнасының флорасы мен фаунасы құрып, жеріміз қу тақырға айналады. Сүттей ұйыған ел су іздеп қаңғып кетеді. Себебі, су – тіршілік көзі. Құдай оның бетін әрмен қылсын! Бұл ретте, құзырлы органдар жұмыстанып, тиісті шаралар қолға алады деген үмітіміз мол.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке