Алматы облысында 3200-ден аса жас жұмыспен қамтылды

Описание к видео Алматы облысында 3200-ден аса жас жұмыспен қамтылды

Алматы облысында соңғы жарты жылда 3200 ден аса жас жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 1150 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Ләззат Мырзабекова БАҚ өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді. Өңірде жастарды әлеуметтендіру және қолдау мақсатында «Кеңес орталығы» жұмыс істейді. Аясында 2000 жас субсидияланған жұмыс орындарына жіберілді. Дені әлеуметтік, қоғамдық, бірінші жұмысқа, ұрпақтар келісімшарты мен жастар практикасына тартылды.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке