Ғ.Құрманғалиев "Ақ Иіс" (Мұхит Мералыұлы)

Описание к видео Ғ.Құрманғалиев "Ақ Иіс" (Мұхит Мералыұлы)

Ұйқысыз біздің Мұхтар қаршыға ұйқы,
Жақсының жүрген жері ойын-күлкі,
келді де бір ақ сұңқар ала түсті,
Біз едік тауда ойнаған қызыл түлкі.
Мұхаңның бәйбішесі Қашым еді,
Жұлдызы өзге әйелден басым еді.
Ақ Иіс келгеннен соң кеми берді,
Бір кезде желдей есіп тасып еді.
Жылқыда ерте тұрсам күрең тай жоқ,
Ішетін шөлдегенде күрең шай жоқ,
Беделі Ақ Иістің арта берді,
Байқасам Қырмызыға енді бай жоқ.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке