Қайрат Нұртас неге ұстазының көз жасына қалды? | Уақыт көрсетеді

Описание к видео Қайрат Нұртас неге ұстазының көз жасына қалды? | Уақыт көрсетеді

1. Біраз сұхбаттарыңызды қарап шықтым, барлығы бір сарынды. Сізді сөйлету қиын ба, әлде журналистер мезі болған сұрақтарды жиі қоя ма?
2. Инста парақшаңызды қарап шықтым. 40 мыңға жуық түтін түтетіп отыр екенсіз. Елімізде неше түрлі жағдайлар болып жатыр. Оны көріпте жүрген шығарсыз. Біреуі тойып секіріп, біреуі тоңып секіріп, біреулері аш-жалаңаш жүргендері өтірік емес. Неге сондай түйткілді мәселерді көтермейсіз? Әлде атақ - даңқымнан айырылып қаламын деп қорқасыз ба?
3. Сіздің ойыңызша қарапайым халықтың бүгінгі жағдайы қандай? Бәрі керемет пе, әлде жұпыны ма?
4. Нанға зар болып отырғандарға әлі - ақ бақытты болып кетесіңдер деп лоторея ойнататын шәкірттеріңізге қандай ақыл - кеңес беріп жүрсіз?
5. Белоруссиядағы соңғы жағдайды білесіз. Баскөтерген Халық не десе де, Александр Лукашенко ел алдына шығып, тыңдады. Біздің елімізде халық наразылығына неге өкімет адамдары шығып, түсініктіме бермейді?
6. Халықпен санасу үшін неге ашық сауалнама, таңдау жүргізілмейді? Және бұл санаспау қашанға дейін жалғасады деп ойлайсыз?
7. Өзге компазитор қолданған сарынды қайталау тәжирибеде жиі кездеседі. Мәселен, Кенен Әзірбаевтың сарынын Нұрғиса Тілендиев қайталады, Тілендиевтің әуенін Алтынбек Қоразбаев пайдаланды деген сыбыс шықты. Марғасқа жыраудың сарынын Махамбет пайдаланды дедіңіз бір сөзіңізде. Сіз кімдерді пайдаланып жүрсіз? Ертең бәрі шығуы мүмкін?
8. “Аты шыққансоң ұстаздарын ұмытып кететін әншілер көп” деп едіңіз. Осыдан көтерілсем аяғыңызды жерге тигізбеймін, джиптың түр-түрін мінгіземін деп сөзбен жұтқызып, Кейіннен сізді танымай кетіпті. Олар ренжімесін, ол тізімге кімдерді жатқызуға болады?
9. “Алғашқы концертінде алдында, екінші концертінде ортасында, содан кейін ең соңында отырасың” деп айтып қалдыңыз бір сұхбатыңызда. Нақты қайсысы сізге прикол ұстап жүрген?
10. “Қайрат Нұртас бұл кезеңдердің барлығын артта қалдырып, ақыл тоқтатты” деп едіңіз. Сонда Қайрекеңнің де еркелігі болды ма?
11. Қайрат Нұртасқа 16 - ән жаздыңыз. Барлығы жұрттың аузында жүр. Еңбегіңіз жансын, сізге Қытайдың шапаны емес, міне менен арнайы сыйлық деп көзге көрінетін не әкеп берді?
12. Сырым Исабаевқа да жаздыңыз. Сырымның сырын сіз жақсы біледі дейді жұрт. Қайда жүр өзі?
13. Ернар Айдарға 30-ға тарта ән жазыпсыз. Ернардың тарапынан қандай материалдық қолдау болды?
14. Қылмыстық тергеу бөлімінде қызмет атқарыпсыз, тіпті аға лейтенант шеніне дейін жоғарылапсыз. Неге олжақтан кеттіңіз?
15. Алматыға алғаш келгеніңізде Нұрлан Өнербаев ағамыз қарсы алып, жөн сілтепті. Кейін Нұрағамыз парламент мәжілісі болғаны белгілі. Қателеспесем 2008-2011 жылдар аралығында. Жалпы өзіңіздің көзқарасыңыз қалай өнер иелерінің билікке ұмтылуы дұрыс па?
16. Қазір әншілердің өнері ысырылып, негізгі мансабы-билік пен бизнес болды. Өнер адамдарының билікке жағынғандағы мақсаты қандай?
17. Інілеріңіз, М.Беспаев Алматы әкімінің мәдениет саласы бойынша кеңесшісі, С.Майғазиев Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры. Істеріне көңіліңіз тола ма? Олардан елге қандай пайда тиіп жатыр?
18. ұстазыңыз Бағлан Омаров: “Өнерде бірізділік болуы керек, әйтпесе өз жолыңды табалмайсың”, - деп үнемі айтып отырыпты өзіңізге. Мойындайсыз ба, бүгінде көпшілігі байдан шыққан қатын сияқты. Тұрақтылық жоқ. Бүгін бір өңдеушімен, ертесі басқасымен дегендей.
19. Жеңгемнің есімі Кәмшәтқой, иә? өте қатты қызғаншақ деп естідім. Қызғандыратындай нестеп қойдыңыз сонша?
20. Өнерге тәй - тәй басып келген сылқымдар сізге атбасын бұрғанды жақсы көреді екен. Қандай бойыңызда сыйқырыңыз бар?
21. Тіпті әнге айырбас ретінде төсек қатынасын да ұсыныпты. Таңғы елестер есіңізден кетпейтін шығар?!
22. Төсек арқылы жұлдызы жанғандардың қатарында қай әнші болуы мүмкін деп ойлайсыз?
23. Бір сұхбатыңызда хит әндер емес, мега хит әндер жазамын деп қалдыңыз. Сіздіңде дәуіріңіз өтіп барады деп ойламайсыз ба? Бақдәулет Арыстанов, Қайнар Алагөзөв деген інілеріңіздің қаламдары ұшқыр сияқты.
24. “Әнге сөз жазу ол үшін оңай, себебі шөп шегіп алып жазады” деп жатады. Шеккен кезде шабыттары ашылама сонда?
25. Голливуд актерлары мен режиссерларының қолдарынан түспейтін Джэйн Барнуэлдің, Уильям Индиктің, Чаббактың кітаптарын кеміріпсіз. Тіпті, психологияның қыр - сырын меңгеру үшін Зигмунд Фрейдтің, Альфред Адлердің, Джозефтердің еңбектерін түгел оқып шығыпсыз. Мақсатыңыз қандай жалпы?
26. Кино түсіру жағынан хитмендер Нұрлан Қоянбав, Нұртас Адамбай, Бүркіттерге не жетіспейді. Бәлкім олар сіз сияқты кітап оқымайтын шығар?

#УақытКөрсетеді #НұрсейітЖылқышыбай #ҚайратНұртас

Комментарии

Информация по комментариям в разработке