Тағы бір Салтанат пышақталды

Описание к видео Тағы бір Салтанат пышақталды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Атырауда азаматтық некедегі әйелін пышақтап кеткен азамат іздестіріліп жатыр. Ал оңбай таяқ жеп, ауыр жарақат алған 33 жастағы Салтанаттың беті бері қарады. Жәбірленуші әйел азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс істеген екен. Көңіл жарастырған жігіті түнде жұмыс орнына барып соққыға жығып, пышақ сұққан дейді әріптестері. Бейнебақылау камерасына жазылған оқиғаның жай-жапсарын өңірдегі әріптесім біліп келді.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:

Бейнебақылау камерасына іліккен бұл оқиға 9-шы маусымда болған екен. Видеода жұдырығы жуан азамат үйдің кіреберісінен азаматтық некедегі әйелін күтіп алып, тепкінің астына алып жатқан кезі көрінеді. Ол аздай жерде жатқан келіншектің мойын тұсына пышақ сұғып, із суытқан. Белгілі болғандай желіге таралған жайт Салтанат жұмыс істейтін азық-түлік дүкенінің жанында болыпты. Әріптестерінің айтуынша, сол күні 33 жастағы әйел үйдің бірінші қабатында орналасқан сауда нүктесінің дәретханасына барған екен.
НАТАЛЬЯ ПАК, Салтанаттың әріптесі:
– Ол бізге басқа компаниядан келген жеке басым жақын таныс емеспін. Сатушы-оператор болып жұмыс істеді. Сол күні түнгі ауысымда болған. Дәретханаға барамын деп кеткен. Содан ауруханадан бір-ақ шықты. Бір азаматтың оған келіп жүретінінін білемін. Ішімдік ішкенін көрмеппін. Ал, зардап шеккен әйел жұмысына жауапты, мінезі ашық.
Салтанат бір аптадан бері ауруханада жатыр. Ақ халаттылар жәбірленуші келіншектің беті бері қарағанын айтады. Бірақ науқас әлі де ұзақ ем алу қажет дейді дәрігерлер.
САБЫР ДЕМЕГЕНОВ, Атырау облыстық ауруханасының дәрігері:
– 9 маусым күні ауырып, мойын иық жарақатымен түседі. Қазіргі таңда бізде бөлімшеде ем алып жатыр. Тұрақты ауыр жағдайы. Себебі, мойын жарақатына байланысты мойын ашық жарақаты болып тұр. Соған байланысты бір жақ қол аяғы әлсіз, қозғалыстар шектелген. Кешенді ем алып жатыр данный момент.
Елімізде азаматтық некедегі әйелін ұратын ер азаматтар азаймай тұр. Сарапшылар көңіл жарастырып, неке қимай-ақ бірге тұратын жұптарға тыйым салу мүмкін емес деп отыр. Себебі, әр адамның таңдау құқығы бар. Жалпы, кикілжіңге көп жағдайда екеуара келіспеушілік, сыйластықтың жоқтығы себеп деген пікірде.
ЖАННА ШАЯХМЕТОВА, сарапшы:
– Азаматтық неке ол әр адамның өзінің ұғымы бойынша болатын жағдай. Сондықтанда азаматтық некеге тыйым сала алмаймыз. Ол үдерісте қолданып кеткен нәрсе. Азаматтық некедегі шиеленістерді айтатын болсақ, тек азаматтық некедегі емес, заңды некедегі адамдардың арасында да ол шиеленістер болып жатады. Ең бірінші қандай жағдай болмасын ер адаммен әйел адам қосылып, неке құрған уақытта заңды болсын, азаматтық болсын олардың арасында ең бірінші сыйластық қасиеті болуы тиісті.
Қазір полиция 29 жастағы күдікті жер-көктен іздеп жатыр. Ал азаматтың мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке