Жаңақорған ауданының әкімі тағайындалды

Описание к видео Жаңақорған ауданының әкімі тағайындалды

Жаңақорған ауданының әкімі тағайындалды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында жаңа әкім таныстырылды.

Самитов Мажит Самитұлы 1985 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Заңтану», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Одан кейін әр жылдары Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры қызметтерін атқарған. Одан кейін әр жылдары Бас прокуратураның бірінші департаментінің прокуроры, аға прокуроры, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің көмекшісі болған. 2019-2022 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, Мемлекет хатшысы хатшылығының меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарған. Ал, 2022 жылдың маусым айынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі хатшылығының меңгерушісі саяси қызметін атқарып келді.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ –ОБЛЫС ӘКІМІ
// Өздеріңіз байқасаңыздар, менің қасымдағы әріптестерімнің барлығы орталықта қызмет атқарған кісілер. Комитеттің төрағасы болған, вице-министр болған. Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болған. Өмір жолында үлкен тәжірибе жинаған азаматтар. Самат та сондай інілеріміздің бірі. Ол да бас қалада, президент әкімшілігінде атқарған қызметі осы ауданның экономикасын көтеруге, өзекті мәселелерді шешіге септігін тигізеді деп сенемін.//

Жиында аймақ басшысы Жаңақорған ауданының әкімі қызметін атқарған Мұрат Тілеуімбетовке қажырлы еңбегі үшін облыстың «Құрмет грамотасын» табыстады.

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook -   / qyzylordatv  
Instagram -   / qyzylordatv  
Telegram - https://t.me/qyzylords_tv
Tiktok -  / qyzylorda_tv  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке