Қазақтың ұлттық ойыны | Асық ату | Үштабан | Ақсуат – 2024

Описание к видео Қазақтың ұлттық ойыны | Асық ату | Үштабан | Ақсуат – 2024

Асық ойыны – баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа тәрбиелейді.

Асық ойынының түрлері көп. Соның ішінде Үштабанды да балалар аса қызып ойнайды.
Ойынға екі немесе оданда көп ойыншы қатысады. 5-6 ойыншы ойнаған қызықтырақ. Әр ойыншыда көнге тігетін үш (асық санын қалауыңызша өзгерте аласыз, тым көп болмағаны жақсы 3-5 аралығы) асық және бір сақа болуы шарт.
Көнге әр ойыншы бір-бір асықтан тігеді.
Біреуі уысына салған сақаларды шашып жібереді. Кімдікі алшысынан түссе сол бірінші, тәйкесінен түскен екінші кезекте. Егер сақалар олай түспесе қайта шашылады. Ойын реті анықталған соң ойыншылар көндегі асықтарды кезектесіп атады. Көндегі асықты үш табаннан асыра ұшырып жіберген адам ол асықты өзіне алады. Үш табанға жетпесе құлаған жерінде жатқан асықты көнге қайта тігеді.
Ойыншыларда бірінші ойынды сызықтан бастағанымен, ойын барысында сақалары түскен жерден атып отырады.
Осылайша асықтары таусылып ұтылғанша ойналынады.
Сақаны шиыра ату, сүріп ату, орай ату тәрізді әдістер де болады.

#Ақсуат #асықату #үштабан

Комментарии

Информация по комментариям в разработке