Шымкентте шу! Тұрғындар жаппай үйлерін сүріп жатқан әкімдікке қарсы шықты

Описание к видео Шымкентте шу! Тұрғындар жаппай үйлерін сүріп жатқан әкімдікке қарсы шықты

Шымкентте шағын аудандағы жер үйлер жаппай сүріліп, тұрғындар мен әкімдік арасында дау туындады. Өйткені уыр техникалар баспаналарды адам барына қарамай бұзып кеткен. Ал далада қалдық деген бұқара кімге барып көмек сұрарын білмей дал. Айтуларынша, қала іргесіндегі жерді кезінде бағасы қолжетімді болған соң бір адамнан алған. Ол халықты жер құжаты үй салынған соң беріледі деп сендірді дейді.
НАЗЕРКЕ ҮКІБАСОВА, тілші:
– Шымкенттегі Ынтымақ тұрғын алабындағы бүгінгі таң шумен басталды. Аумаққа келген бір топ ауыр техника жер үйлерді сүріп, жұрт баспаналарын аман алып қалу үшін қарсы шыққан. Бұзу жұмыстары бұқара жаппай тас атқан соң бір-ақ тоқтайды. Тұрғындардың айтуынша келген жұмысшылардың қолында ешқандай құжат болмаған.
ХАЛИДА ӨТЕМҰРАТ, Түркістан облысының тұрғыны:
– Ол кісілер келіп бізге қағаз да көрсеткен жоқ. Сендердікі заңсыз деп айтқан жоқ. Мен фундамент құйып жатырмын. Көтеріп жатырмын. Келіп неге айтпайды? Мен сонша шығын істедім ғой мына үйге.
БЕЙБІТ ХАЙБЫЛДА, Шымкент қаласының тұрғыны:
– Ешкім жетіскен жоқ. Менің де күйеуім жоқ. Мен де бала-шағамды аяқтан тұрғызамын деп соғып жатырмын ана времянканы. Келіп осыншама халықты шырылдадып отыр. Ақшам болса басқа жерден алмаймын ба? Шамам болмаған соң келіп алып отырмын осы жерді.
Ынтымақ тұрғын алабындағылардың көбі жерді екі жыл бұрын түбірі жоқ құжатсыз сатып алғанын айтады. Мемлекеттік мекемеден алған бір шешімге сендік деген шымкенттіктер құжат үй салынған соң беріледі деген көнген. Алайда, арзанның сорпасы татымай әкімдік үйлерінен қуып шықты.
ЕРБОЛ ҚАДЫРБАЕВ, Шымкент қаласының тұрғыны:
– Жаңа келіп акимат бұзды мына жақтың барлығын. Айланып мына жақпен келді. Маған бала-шағаңды шығар деді. Бітпеген үй біз бұзамыз деді. Бұзып кетті екі бұрышын. Шығарып далада отырмыз бәріміз қазір.
Ал, шенеуніктер болса сүру жұмыстарының мұнымен тоқтамайтынын айтады.
БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВА. Шымкент қаласы абай ауданының әкімі:
– Бүгінгі күнде Ынтымақ елдімекенінде 24 гектар жер жер басқармасының балансында. Мемлекеттің меншігіндегі жерлер. Ол жерлерге заңсыз өз бетінше үйлер салынып бүгінгі күні 16 үй, үй болғанда көлемі 6,8 есік терезесі жоқ. Кейбірінің есік-терезелері де бар салып кеткен шлакоблокпен 16 үй, 2 іргетасы бар жер бұзылды.
Далада қалдық деп қолдау іздеген қараша енді көмекті кімнен күтерін білмейді. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, заңсыз салынған үйлер ертелі кеш сүріледі. Қазір жерді заңсыз сатқан бір күдіктіге қатысты алаяқтық бабы бойынша іс қозғалған.













Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке