Басы дауға қалған әнші Ұланғасыр Қами түрмеге қамалуы мүмкін

Описание к видео Басы дауға қалған әнші Ұланғасыр Қами түрмеге қамалуы мүмкін

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:
Міне, дәл осы пікірі үшін әнші Ұланғасыр Қамидің басы дауға қалып отыр. Мәселен, қоғам белсендісі Саида Сейсембаева әртіс «әлеуметтiк, гендерлік алауыздықты қоздырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ақтап отыр» деп айыптаған. Сол үшін ішкі істер министрлігіне шағым түсірген. Енді құзырлы орган Қамидің нақты нені меңзегенін нақтылауға тиіс. Ал, кінәсі дәлелденсе, қомақты айыппұл салынып, тіпті қамалуы да мүмкін. Сондай-ақ, стендап-комик Александр Меркуль қоғамдық орында бейәдеп сөйлегені үшін 10 тәулікке қамалды.
Кейінгі бірнеше ай көпшілік көктегі жұлдыздай көретін «өнер адамдарының» да кәдімгі пенде екенін тағы бір дәлелдеген секілді. Себебі, қалың елдің құрмет-ықыласына бөленген әнші-әртістер бірінен соң бірі қамалып жатты. Бұған қатысты ел арасында да түрлі пікірлер айтылды. Бірі «бұл әлдебір саяси оқиғадан көптің көңілін аудару» деді. Келесісі «түрмеде бір дөкей ұлан асыр той беріп жатыр екен» деп әзілдеген. Хош. Қазір алғашқы қамалғандары босап шыққан. Бірақ тағы біріне қауіп төнген сияқты.
ҰЛАНҒАСЫР ҚАМИ, әнші:
– «Ұстаздар баяғыдай айтып келе жатыр. Ондай оқиғалар былай негізі. Жаңағыдай әйелі осындай-осындай санын жалтыратып, анау-мынау көшеде шығады. Одан кейін біреу оған қызығады. Оны күйеуі естиді. Барып өлтіріп қояды деген сияқты».
Қамидің дәл осы «күйеуі әйелін хиджаб кимегені үшін өлтіреді» деген пікірі бірнеше күннен бері қызу талқыланып жатыр. Тіпті, әртістің айтқан сөздеріне құқықтық баға берілмек. Себебі, қоғам белсендісі ішкі істер министрлігіне әншінің үстінен арыз түсірген. Саида Сейсембаева Ұланғасыр қылмыстық кодекстің 174 бабын бұзып отыр деп санайды. Яғни, әлеуметтік, гендерлік, діни алауыздықты қоздырған. Әрі әйелдерге жасалған зорлық-зомбылықты ақтау әрекеті деп түсінген. Бұдан бөлек, парақшасына бейәдеп сөздері бар бейнежазба жариялаған стендап-комик Александр Меркуль қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 10 тәулікке қамалып отыр.
Ал заңгер Нұрболат Ибраев тәртіп бәріне ортақ, сондықтан танымал тұлғалардың да жауапқа тартылғанын көрсеткен дұрыс дейді. Пайымынша, бұл көпшілікке сабақ болады.
НҰРБОЛАТ ИБРАЕВ, заңгер:
– Өткенде әртістеріміз жаңағы Қайрат Нұртас болсын, басқа болсын оны бізде көрсетіп жатқаны да өте дұрыс. Себебі адамдар бұдан құтылып кетуге болады ғой, басқа тәсілдері бар ғой деген ойдан аулақ болып, яғни қандай да бір әкімшілік болсын, қандай да бір заңға қайшы әрекет жасағанда оған тиісті жаза бар екендігін біледі.
Уәлибек Әбдірайымов өнердегі інілерінің тәртіп бұзып, жаза арқалауы ел боп талқылайтын, дүрлігетін дүние емес деп санайды. Себебі, мемлекет те одан да маңызды мәселелер бар. Ал, сұрақты ата-аналарына қойған абзал екен.
УӘЛИБЕК ӘБДІРАЙЫМОВ, актер:
– 15 жылға қамалып шыққан адам сияқты. Енді бір сұмдық енді. Адамның күлкісі келеді. 15 күнге қамалып шығып келе жатса, оның алдынан әке-шешелері күтіп жатыр. Бір соғыстан зардап шегіп, осы Қазақстан үшін жанын пида қылып, самолетте төбелесіп, сол самолеттегі террористтерді ұстап содан қамалған баланы шығарғандай. + Заң ортақ екенін бір білдіріп қойды біздің құқық қорғау органында жұмыс істейтіндер. Заң ортақ. Тәртіп бұзбау керек еді негізінде.
Бәрі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың қамалуынан басталғандай еді. Кейін Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа, күні кеше көлікті мас күйінде тізгіндеген қостанайлық имам ұсталып, 15 тәулікке жабылды. Бұл, сөзсіз, заң да, жаза да ортақ екенін аңғартса керек. Әрі кім қандай пікір айтпай жатыр дейсіз. Кім тынықпайды? Бірақ танымал тұлғалар танымалдылығы есебінен көрініп қалып жатқан секілді.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке