Асхат Еркімбай: TedX туралы не білесіз?

Описание к видео Асхат Еркімбай: TedX туралы не білесіз?

Асхат Еркімбай: TedX туралы не білесіз?
Асхат Еркімбай туралы білгіңіз келсе: https://urimtal.wordpress.com/askhat-...

TED (ағылш. Technology Entertainment Design; Технология, Ойын-сауық, Дизайн) — Америка Құрама Штатының 1984 жылдан бері жыл сайын конференция ұйымдастырушы бейкоммерциялық қор (Калифорния,АҚШ).

Конференцияның негізгі мақсаты – бірегей идеяларды таратуға («ideas worth spreading») жол ашу. Конференцияның таңдаулы дәрістері ғаламтор веб-парақшаларында кеңінен таралған. Талқыланатын тақырыптары әр түрлі: ғылым, өнер, дизайн, саясат, мәдениет, кәсіпкерлік, ғаламдық мәселелер, технология және ойын-сауық. Бұл іс-шараға Американың бұрынғы президенті Билл Клинтон, Нобель сыйлығының лауреаты Джеймс Уотсон, Мюррей Гелл-Манн, Википедия энциклопедиясының негізін салушы Джимми Уэйлс, Билл Гейтс секілді аты бүкіл дүниежүзіне белгілі тұлғалар дәрістерімен қатысқан.

TEDx - TED тәжірибесімен бөлісу мақсатында адамдарды жинап дүние жүзінің әр түкпірінде қауымдастықтардың ұйымдастырып, өткізетін жергілікті іс-шаралар бағдарламасы.

TEDx жиындарында TED конференцияларының видеолары спикерлердің қатысып сөйлеген сөздерімен ұштасып жатады, сонымен бірге жан-жақты талқылаулар мен байланыстарға мүмкіндік ашады.

TEDx сөзіндегі "x" - тәуелсіз ұйымдастырылған TED-шара дегенді білдіреді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке