Мақсат Рахмет: Қызымның өнер жолын таңдауына қарсымын

Описание к видео Мақсат Рахмет: Қызымның өнер жолын таңдауына қарсымын

Мақсат Рахмет -қазақ өнерпаздарының ішінде ерекше даусымен халықтың көзайымына айналған әнші. Үлкен әулетте дүниеге келген Мақсат ата-әженің баласы болып өскен. Бірақ, «тәрбиеме әкемнің еңбегі зор» дейді. Асқаралы алты ағасы алты жағынан шығып, барынша ер жігіттік мінез қалыптастырыпты. Ал, патриоттық сезім бойына атасының соғыс көргені мен әжесінің ыстық алақанынан берілген. Сабақтан тек үздік болған Мақсаттың тәртібі нашар «бұзықтар» санын көбейткен. Темір жолшы мен мұғалімдер отбасында өскен бозбала өнерді өз еркімен таңдаған. Әкесінің қарсылығына қарамай, өнер академиясына түсіпті. Екі қыздың ортасында өскен Мақсат барынша ер мінезді, қайсар, намысшыл болуға тырысқан. Бүгінде үш перзенттің әкесі өзі. Баланы тәрбиелемеймін, өзім дұрыс жолмен жүруге тырысамын дейді. Қонақта әнші, актер Мақсат Рахмет. Ендеше, бір емес екі әкенің мектебін көрген азаматтың сұхбатын бірге көрейік.

Жоба серіктесі @FreedomFinanceBankKazakhstan

03:02 Балалық шағым Түлкібаста өтті. Жетінші сынып бітіргенше сонда оқыдым.
03:52 Ата-әжемнің тәрбиесін, ата-анамның тәрбиесін көрдім. Алты ағам болды. Әкемнің бауырлары тәрбиеледі.
05:23 Әкем – Темір жолшы, анам – мұғалім.
06:09 Әкем қатал болды. Сол қаталдығында да үлкенмахаббат жатыр деп ойлаймын.
06:52 Мен мектепті де, колледжді де беске оқыдым. Тәртібім нашар болды.
08:50 Ауыл балаларымен турникте жарысатынбыз. Кім көп ұстап тұрады сол красавчик.
09:16 Еңбекқорлыққа үйреткен ағаларым.
10:36 Атам айтты, «па-па» деп есекті шақырады деді, «ма-ма» деп итті шақырады. Қазақтың ана деген, әке деген сөзі бар деді.
11:38 Үш баланың әкесі болсам да, әкеме әлі күнге дейін есеп беремін.
12:30 Спорттан «күрес» ұнады. Әкемі рұхсатын бермеді.
14:30 Атамның аяғын уқалап отырып, талай ақылын естідім.
15:00 Әркімнің өз шындығы бар.
16:30 Балалардың ата-әжемен тұрғанын қалаймын.
17:00 Барлық жауапкершілік ата-ананың өзінде ғана.
18:30 Мен ата-анама ризамын.
20:01 Саин Мұратбековтің алдында «Менің атым Қожадағы» монологты оқығанмын.
20:45 Әкем өнердлі таңдағаныма қарсы болды бірден.
22:00 Екі қарындасым бар.
22:47 Сабағымызды анам да, әкем де қадағалады.
24:54 Бір қазақта төрт әйелі болған. Төртеуі татулықта отбасы құрған. Қазір ондай емес.
26:16 Бәрін ойла, соғысты, ауылды, әулетіңді. Бірақ, өз басыңа жауап бер.
28:42 Сапалы ұрпақ тәрбиелесем, Отаныма қосқам үлесім деп білемін.
29:47 Әйеліммен абитурент кезде таныстым.
30:38 Әйелім – актриса. Біз оқыған жылдары Арай ең үздік актриса болды.
31:40 Қазір біз оқыған колледжде ұстаз.
32:02 Әйелім менің бірінші сыншым.
33:11 Бақыт үлкен дүниеден тұрмайды, қарапайым нәрседен бастау алады.
35:08 Үш баласы бар ананың театрда жұмыс істеуі қиын.
37:19 Киноға түсем десе де, әйеліме қарсылық танытпаймын.
39:23 Алғаш ұлым туыла сала шыңғырған дауысын есітіп, жылап жібердім.
40:28 Әкем Шәкәрім деп қойды атын.
41:57 Балам Мұқағалиді сүйіп оқиды.
43:50 Менің ұғымымда екінші болу деген жоқ.
46:48 Сен қызды болғанда, әкелік сезіміңнің ұлы қамтылғанын сезінесің.
47:06 Қызым Мейірім. Екі жаста. Жұмысқа жібермейді.
47:48 Қызға қырық үйден тыйым керек!
48:10 Ерді тоқшылық, қыз баланы тоқшылық бұзады.
52:11 Ауыл мен қаланың бала тәрбиесі екі түрлі.
54:00 Баланың достарына үлкен мән беру қажет.
55:32 Намаз оқымайтын құлшылық бар деді.
57:52 Әйелін рухани байытушы ерінің мойнында.
59:46 Балаң - өмірдегі ең басты проектің!
01:00:05 Балаларыма қамқорлығым керек!
01:01:47 Қыз балам әнші не актриса болам десе, қолдамайтын шығармын.
01:03:26 Көп актерлар мен әншілер сатқын!

#әке #қарымқатынас #МаксатРахметов #МақсатРақмет #атаәженіңтәрбиесі #психология #интервью #подкаст #қазақшаподкаст #әкетәрбиесі #әкеменбала #әкегеқұрмет #қазақитәрбие #қызтәрбиесі #сұхбат #анаменұл #ұлтәрбиесі

Комментарии

Информация по комментариям в разработке