«Қазақшаң қалай, балақай?»

Описание к видео «Қазақшаң қалай, балақай?»

🪁№84 «Кәусар» балабақшасының «Бәйтерек» даярлық тобында 3 жастарынан бері білім алып келе жатқан орыс ұлтының қызы Илария мен кәріс ұлтының қызы Диана тәрбиеші-педагог Ләззат Базаркелдіқызының жетекшілігімен «Қазақшаң қалай, балақай?» атты қалалық сайысына қатысып жатыр.

🪁Сайыстың мақсаты, оқыту басқа тілдерде жүргізілетін балаларға мемлекеттік тілді меңгерту арқылы олардың коммуникативтік, танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық дағдыларын зерттеу, іс-әрекетін дамыту.

🪁Сонымен қатар, қойылым арқылы балалардың қазақ тіліне  деген қызығушылығын тудыру, өз  еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, сахна мәдениетіне тәрбиелеу.

🪁Бұл күні қазақ мектебіне баруға әбден дайын бүлдіршіндеріміздің қойған сахналық көрінісін тамашалап, бағалай отырыңыздар.


Әже:

Тәрбиеші-педагог ЛӘЗЗАТ ЕШНАЗАРОВА

Немерелері:

САЛОГУБОВА ИЛАРИЯ, 5 жаста, ұлты орыс

МАГАЙ ДИАНА, 5 жаста, ұлты кәріс

Комментарии

Информация по комментариям в разработке