Нәлібаев: Қарызды қашан қайтарасыңдар ?

Описание к видео Нәлібаев: Қарызды қашан қайтарасыңдар ?

Біздегі көптеген шаруаға демеуші ретінде құрылысшылар араласады. Қалтасындағы қаржыларын санағанымыз емес. Бірақ олардың да қаражаттары көл-көсір болып жатпағаны белгілі. Оның үстіне қайтарымы жоқ қаражатты әкім айтты екен деп оңды-солды жұмсай беру оларға да тиімсіз. Бұл мәселені әкім де ашып айтып отыр. Бір саланың ғана өкілдеріне иек артып отыра беруді қою керек кез келді. Бұрынғылардың кесірінен былыққа батып отырмыз дей бермей берекелі бір әрекетін жасау керек мекемелердің қазіргі басшыларына. Бұны біз ғана емес, облыстың әкімі де бірнеше рет ескертіп жүр. Мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысып, өз күнін өзі көретін компанияға айналулары тиіс. Әйтпеген жағдайда құрдымға кетіп тынып, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетер қаупі бар.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке