КЕҢЕС ОДАҒЫ ҚАЛАЙ ҚҰЛАДЫ?

Описание к видео КЕҢЕС ОДАҒЫ ҚАЛАЙ ҚҰЛАДЫ?

1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін әлем шашыраңқы болып және зардап шеккен елдердің көпшілігі соғыстан кейінгі үлкен шығындарды қалпына келтірумен әуре болды. Суық соғыс екінші дүниежүзілік соғыстың тікелей салдары болды, бұл екі үлкен держава, әлемге толық өзінің үстемдігін жүргізу үшін бір біріне қарсы саяси және идеологиялық күрес жүргізді. 45 жылға созылған бұл күрестің шешімі тек біреу ғана болды, ол: екі алпауыттың біреуі құлау керек болды, Тарих көрсеткендей, 1991 жылдың 26 желтоқсанында КСРО-ның ресми түрде таратылуы, АҚШ бастаған батыс елдерінің жеңісін алып келді, Осы бір Қызыл Империя, осындай орасан зор күшінен қалай айырылды? Және Кеңес Одағының құлауына не себеп болды? Сәлем достар! Біз бүгін осы сұрақтарға жауап беретін боламыз!
Екінші дүниежүзілік соғыс Жапонияның екі қаласынa атом бомбасын тастаумен аяқталды! бұл Кеңес Одағын батыстық бәсекелестеріне үстемдік ету үшін өзінің ядролық қаруларын жасауға мәжбүр етті. Мұндай қаруды жасау оңай да емес, әрі арзан да емес, Кеңес Одағы 1945 жылдың жазында Хиросима мен Нагасакиге қолданған бомбалары бар АҚШ-қа қарсы ядролық жарыста жеңіске жету үшін миллиондаған қаражат жұмсады. Шығыс Еуропа елдері КСРО экономикасының дамуына әсер етті, бұл олардың елдеріндегі кедейліктің өсуіне жол ашты.
Кеңес Одағы құрамында 15-тен астам ел болды, бірақ коммунизм идеологиясы бүкіл әлемге таралуы тиіс еді, сондықтан КСРО Ауғанстанға коммунистік режимді орнату үмітімен басып кірді. Кеңес Одағының өз жоспарларын жүзеге асырғаннан кейін, АҚШ қызыл армиямен күресу және коммунистік идеологияны әлемге таралуына қарсы тұру үшін «Талибан» деген әскери ұйымды дайындады. Ауғанстан соғысы Ресей Кеңес одағының экономикасына өте ауыр болды, өйткені соғыс көп шығынды талап етеді және көп адам күшін қажет етеді. Бұл Соғыс Кеңес Одағының жоспарын күл талқан қылды, Ядролық қару және Ауған соғысы КСРО экономикасына орасан зор шығын әкеліп, Кеңес Одағының құлауына бірден бір себеп болды
Чернобыль қаласындағы атом станциясы жарылысынан кейін 100 000-нан астам адам қалалардан эвакуацияланды. Бұл оқиға КСРОның экономикасына кері әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен бірге КСРО-ның ең үлкен қалаларының бірі Чернобыльді мүгедек етіп, елестер қалашығына айналдырды. Бұл кеңес халқының билікке деген наразылығын тудырды. Бұл оқиға КСРОның әлем алдындағы беделіне нұқсан келтірді!
Алғашқы Кеңестік шенеуніктер экономиканы сақтап қалу үшін, және халқты аштыққа ұшыратпауы үшін бәрін істеді. Бұлар жасаған реформалар арқасында КСРО Экономикасын көтергеннен кейін, Кеңес Одағын тарихтағы ең ауыр экономикалық апаттар күтіп тұрды: 1985 жылы кеңес халқы өз үйлерінен айырылып, азық-түлік тапшылығын сезе бастады. КСРО экономикалық үстемдігін жоғалтып қана қоймай, халықтың үкіметке деген сенімін жоғалтты, бұл олардың жақын арада құлдырауына әкелді.
Болшевиктер, халық арасындағы таза әлеуметтік теңдікке жету үшін түрлі топтармен күресті. Кейін Лениннің ізбасарлары диктатуралық билік құрып, КСРОда тек жоғары дәрежелі әскери шенеуніктер мен саясаткерлер ғана, жәй халықтан жақсы өмір сүрді. Нақтырақ айтсақ: кеңес халқының 80% -дан астамы кедейшілікте, ал шенеуліктердің 20% -ы ауқатты өмір сүрді. Бұл алшақтық халықтың ашуын туғызды және Горбачевтің бастаған демократия және сөз бостандығы идеологиясы үкіметке қарсы наразылықтар мен қозғалыстарға алып келді.
Горбачев өз халқымен ашық болуға тырысып, демократияға және барлық адамдарға сөз бостандығын берді. Кеңес халқына ұзақ жылдар бойғы езгіден кейін озбырлыққа қарсы сөйлеу еркіндігін беру күтпеген жәйт болды. Горбачев, ақпарат құралдарын қазіргі уақыттағы жағдайға назар аударады деп ойлады, алайда баспасөз құралдары КСРО билігінің бұрын жасаған зұлымдықтарына назар аударды, бұл коммунистік партияға қарсы ішкі демократиялық қозғалысқа әкелді. Горбачевтің коммунистік емес партияларға жол беруі КСРОның аумақты коммунисттік жүйеде басқаруын әлсіретті.
Горбачевтің ашықтық пен жұмсақтық әрекетінен кейін Литва КСРО-ның әлсіздігін пайдаланып, бүлік шығарып, тәуелсіздікті талап етті. Қызыл әскердің әрекетсіздігі басқа бодан елдердің коммунистік режимді жоққа шығаруға және КСРО-дан тәуелсіздік алуға итермеледі..
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан Кеңес Одағы мен АҚШ Берлинді бөліп, батыс бөлігін капиталистік, ал шығыс бөлігін коммунисттер алды, 1991 жылы КСРОның бөлінуден соң қалаға жиналған немістер 30 жылдан астам уақыттан бері астаналарын бөліп тұрған қабырғаны бұза бастады. Осы кезде КСРО әлемге әлсіз және осал ретінде айқын көрсетілді, бұл Горбачевтің партия жетекшісі ретіндегі қорытынды сөзіне әкелді.
1991 жылы 26 желтоқсанда Горбачев Ресейде не болғанын түсіндіру үшін сөз сөйледі. Оның сөздері өкініш пен көңілсіздікті білдірді, өйткені оның барлық жоспарлары сәтсіз болды. Горбачев өз сөзінде былай деді, коммунизм сәтсіздікке ұшырады және орыс халқы өз елін әлдеқайда жарқын демократиялық болашаққа апаратына сенемін деп осы сөздермен Горбачев мемлекет басшысы қызметінен кетті, келесі күні КСРО толықтай тарады.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке