Подкаст #4: Неке және бойдақтар | Ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы, ұстаз Сыддық Бабайұлы

Описание к видео Подкаст #4: Неке және бойдақтар | Ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы, ұстаз Сыддық Бабайұлы

#Подкаст#Михраб#Неке
Біздің кезекті шәй үстіндегі әңігмемізге осы тақырып арқау болғалы тұр. Подкаст қонақтары ретінде уағыздарында әрдайым үйлену, көп әйел туралы қызықты кеңестерімен бөлісетін Қабылбек Әліпбайұлы ұстазымыз бен желіде аса танымал болмаса да өз жамағатының ыстық ықыласына бөленіп жүрген "Таугүл-3" мешітінің қызметкері Сыддық Бабайұлы ұстазымыз.

Шәй үстінде некенің хикметі, үйленгенге дейінгі мәселелер, бойдақтардың хәл-ахуалы, некеде кездесетін қиындықтар мен шешу жолдары, ажырасуға апаратын себептер мен талақ айту төңірегінде сұхбат өрбіді.

Сондай-ақ, намазхандардың Қалаулымға қалыңдық іздеп баруы, мәһрге Камри сұрау, қожадан ғана қыз алу секілді қоғамда жиі кездесетін тақырыптарды да сөз еттік. Сонымен қатар, Сыддық ұстаз қызмет бабында кездескен түрлі қызықтарымен бөлісті.

Тайм-код:
1:47 Қонақтарды таныстыру
3:18 Некенің діндегі орны мен хикметі
8:12 Некесіз қауымдар тарихтан жоғалып кеткен
13:50 Некелесер алдын қандай қасиеттерге мән беруі керек?
16:16 Имандылық жоғалмайтын қасиет
18:10 "Зинақор әйел зинақор ерге лайық" деген аятты қалай түсінеміз?
24:38 "Неге аят "зинақор әйел" деп басталады?
26:10 Пәктігінен айырылған қызбен некелескен дұрыс па?
30:38 Өзге діндегі жігітке тұрмысқа шығуға бола ма?
32:47 Қалалауым бағдарламасы
41:48 Қай жаста некелескен абзал?
47:18 Қызды балиғат жасқа толғанда тұрмысқа беру керек пе?
49:21 Отырып қалған қыздар
54:48 Қыздың тәрбиесі
58:29 Қыз бен жігіттің кездесуі
1:09:28 Хитба жасау
1:15:57 Ажырасу жайында
1:23:48 Ер адамға көп жауапкершілік жүктелген
1:25:55 Күйеуіңді маған жамандай берме
1:27:48 Танымайтын адаммен құда болмау
1:29:02 Ажырасқысы келген кісінің оқиғасы
1:33:02 Талақ айту
1:36:43 Жесір мен жетім жайлы
1:38:57 Телефон отбасыны бұзады
1:42:05 Бойы ұзын екен деп сына салмау керек
1:43:49 Әйел талақ айта ала ма?
1:49:01 Қатын деп айту жайлы
1:51:12 Ұстаздардың тілегі

Комментарии

Информация по комментариям в разработке