Алматыда 9 қабаттан секірген әйелдің жақындары бар шындықты жайып салды

Описание к видео Алматыда 9 қабаттан секірген әйелдің жақындары бар шындықты жайып салды

Бірден айтайын. Күйеуі көзіне шөп салса да, күйбең тіршілік еңсесін езіп жіберсе де, кейбір әлі анықталмаған ақпараттарда айтылып жатқандай, соңғы сәтінде өзгелерден озбырлық көрсе де - өзін ғана емес, үш бірдей баласын терезеден лақтырған әйелдің әрекетін ақтамаймыз. Не десек те, қалай ақтап алғымыз келсе де, бұл - қылмыс! Ананың баласына жасаған аса ауыр қылмысы. Бала - үлкендердің ашуының, ала алмаған кегінің құрбаны болмауы тиіс! Бірнеше күннен бері қазақ қоғамы, әлеуметтік желідегі жазбаларда - бір ақ күнде төрт адамның өмірін қиған Бақтыгүл Қыдырбаеваның әрекетін ақтап алуға тырысып бағуда. Бір нәрсе анық - қай тұрғыдан қарасақ та, діни, моральдық тұрғыдан келсек те, келіншектен жәбірленуші жасаудың қажеті жоқ. Оның әрекеті - ешкімге үлгі болмауы тиіс! Десек те мұндай трагедияның қайталанбауы үшін бұл қазаның түпкі себебіне үңілдік. Бір күн бұрын ғана күйеуінің туған күнін атап өткен әйел, аяқ асты өзінің ғана емес, өзі ерекше жақсы көретін балапандарының да ғұмырын қиятындай қандай қиындық көрді? Неге дәл осы оқиғаға қатысты түрлі қауесет тарап жатыр? Мектебін үздік бітіріп, қатарының алды болған, көзі ашық әйелдің мұндай аса ауыр қылмысқа баруына, тіпті, өзі қиналса да, балаларын тастап кететін сенімді адамы неге болмады? Келіншек өліміне қатысты жақындарының күдігі - келесі бейнематериалда.





Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#СөздіңШыныКерек #ИринаСоветжанқызы

Комментарии

Информация по комментариям в разработке