НАЙМАН ШЕЖІРЕСІ Ұлан батыр Ергенекті Сарыжомарт Жиенбет

Описание к видео НАЙМАН ШЕЖІРЕСІ Ұлан батыр Ергенекті Сарыжомарт Жиенбет

НАЙМАН: Ұлан батыр (Ергенекті) – Сарыжомарт – Жиенбет ШЕЖІРЕСІН зерттеп, жинақтап кітап шығарған ақсақалдар «Алаш» тарихи-зерттеу орталығына сүйінші сұрап келді.

2007 жылдың 7 шілдесі күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Жантас ауылында Жиенбет бабадан тараған ұрпақтар жиылып бабаларының рыхына бағыштап үлкен Ас берді. Елдің ынтымағы мен береке-бірлігінің айқын көрінісіндей болған сол алқалы жиында Қоңырбаев Құмар Жансейітұлы (Ақатайұлы) мынадай пәтуа айтады:

«Ардақты ағайын! Асқа жиналғанкөпшілік қауым! Мына бізден де үлкен кәрілеріміздің көздері тірі кезінде және де осы асқа жиналған жақсы мен жайсаң аман тұрғанда Жиенбеттен тараған ұрпақтарының шежіресін жинастырып, кітап қып шығарып, кейінгі ұрпаққа аманаттап кетсек қалай болар екен?! Біздер мен Сіздер бас біріктіріп, тізе қосып осы шаруаны тындыра алсақ өміріміз босқа өтпепті дер едік!»

Мұндай жауапкершілігі мол жұмысты мойындарына алған, қазақ ұлтына тән ақсақалдық қасиет қандарында бар Қоңырбаев Құмар Жансейітұлы (Ақатайұлы) мен Қасенов Әбдірахман Мұқанұлы қажымай-талмай еңбектеніп, 7-жыл ішінде осы ШЕЖІРЕНІ жинақтап кітап етіп шығарды.

Баспаханадан кітапты алған күні, қуаныштары қойнына сыймаған ақсақалдар, мұндай ғибратты іске баруларына үлгі-өнеге болған «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының президенті Хайролла Ғабжалиловке сүйінші сұрап келді.

Ата дәстүр-салтынан аттамайтын Х.Ғабжалилов, ақсақалдардың сүйіншісін беріп, оларды жұмыстарының нәтиелі аяқталуымен құттықтады:

«... Сіздер жинақтаған бұл кітап, Найман тайпасының Ергенекті рулар бірлестігінің Сарыжомарт руының Жиенбет (Құйымшақ) тармағының ата таралым шежіресі осы атадан өскен ұрпақтарының сабақтастық тарихы. Біз Найман ру-тайпасының тарихын жазғанда шежіресіне арнайы тоқталып, осы кезге дейін жарық көрген деректерді, жинақтар, шежіредегі басты-басты ру, ата таралымдарын берген болатынбыз. Қазірде осы шежіре деректері толықтырылып өз жалғасын тауып жатқаны қуантады. Осы дәстүрімізді жоғалтпай, болашақ ұрпақтарымызға асыл мұра етіп қалдырайық».

Комментарии

Информация по комментариям в разработке