Солтүстік Корея – тактикалық ядролық қарудың үлкен ошағы / «Анығын айтсақ» 17.03.2023

Описание к видео Солтүстік Корея – тактикалық ядролық қарудың үлкен ошағы / «Анығын айтсақ» 17.03.2023

Әлем жаппай қырып-жою қаруын қолдану апатының алдында тұрғаны жиі айтылып келеді. Қазіргідей алмағайып шақта баллистикалық ракетаны қалаларға атқылаудан шімірікпейтін елдер жоқ деп ешкім айта алмайды. Мынау тұрған Ресейдің өзі ондай істі жасай аламын деп ауық-ауық азу көрсетумен келеді. Украинаға соғыс ашқалы бері Ресей «Сармат» ракетасын екі рет ұшырып сынды.
Ешкімге алаңдамай, әлемнің өзі қалаған нүктесіне ракета ұшыруға дайын отырған аса қауіпті ел бүгінде Солтүстік Корея. Бұл ел соңғы жылдары ядролық әлеуетін еселеп арттырумен айналысып келеді. Солтүстік Корея ешкімді тыңдамайтын ел, АҚШ-ты да, Бірікке Ұлттар Ұйымын да, оның Қауіпсіздік кеңесін де елең қылмайды. Ешқандай заңға да бағынбайды. Солтүстік Кореяның басшысы демократия атаулыны, соның ішінде Оңтүстік Кореяны, АҚШ-ты, Жапонияны бітіспес жауымыз деп есептейді. АҚШ пен Оңтүстік Корея бірігіп, Солтүстік Кореяны тұншықтырмақ деп қарастырады. Сол үшін Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын ұзаққа шабатын баллистикалық ядролық қаруды көбейтіп жатыр. Ешкіммен келіспей, ешкімді ескертпей-ақ жаңа қаруларын кез-келген уақытта сынақтан өткізетін болған. Өткізгенде де әртүрлі оқиғаларға, даталарға туралап сынақ жасайды екен.


Telegram Qaz - https://t.me/atamekenbusiness_qaz
Telegram Rus - https://t.me/atamekenbusiness
Instagram -   / atameken.business  
Instagram -   / inbusinesskz  
Facebook -   / atamekentv.kz  
Atameken Business Sport - https://t.me/atamekenbusiness_sport
Facebook -   / inbusiness.kz  
Tik-Tok -   / atamekenbusiness  


«Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz

Atameken Business Programs -    / @atamekenbusinessprograms1041  

#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана

Комментарии

Информация по комментариям в разработке