❗️ БАРБАСТАУ АҚЖАЙЫҚ ИНДЕР тас жолындағы СҰМДЫҚ! 8️⃣ млрд теңге қайда?

Описание к видео ❗️ БАРБАСТАУ АҚЖАЙЫҚ ИНДЕР тас жолындағы СҰМДЫҚ! 8️⃣ млрд теңге қайда?

🇰🇿 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің жемқорлыққа қарсы әрекеттерге қатысуы қарастырылған.

2024 жылғы 11-12 маусымда Орал қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы керуен» жобасы аясында «Мемлекеттік сатып алуға қоғамдық бақылау жасау мен адвокация негіздері» атты тренинг өтті.

Біздің өкіл, қоғам белсендісі Бауыржан Заки өткізген оқуға 25 адам қатысып, олар goszakup.gov.kz порталына мониторинг жасауды және құрылысы аяқталмаған әлеуметтік нысандарға қоғамдық бақылау ұйымдастыруды үйренді.

⚠️ Өткен аптада бізге adildik.kz сайты арқылы БҚО Теректі ауданы Шағатай ауылының тұрғындарының жан-айқайы жетті.

Ақжайық кентінен Шағатай ауылына барар асфальт жолды жөндеу барысында жіберілген және қазір жіберілудегі заң бұзушылықтар мен кемшіліктер айтылды.

goszakup.gov.kz порталын зерттеп, мынаны анықтадық:

08.04.2021 жылы Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Айтмагамбетов Бауыржан) мен мердігер «UNISERV» ЖШС-і (БСН 020140002290, Сатбаев Динмухамед) жалпы сомасы 8️⃣,3️⃣ млрд теңгенің шартын жасаған.

Мәні: «Барбастау - Ақжайық - Индер» 43-93 шақырым автомобиль жолын қайта жаңғырту (реконструкциялау).
Кепілдік мерзімі: 60 ай немесе 5 жыл.

03.06.2024 жылы бізге берген жауабында Аудит келесі ақпаратты көрсетті:

2021 жылы – 1,7 млрд игеріліп, 12 км жолдың төменгі қабаты жөнделген,

2022 жылы – 2,2 млрд игеріліп, 18,5 км жолдың төменгі қабаты және 13,1 км беткі қабаты жөнделген,

2023 жылы – 1,3 млрд бөлініп, 11,6 км асфальтбетон жабынның төменгі қабаты төселген.

Автомобиль жолдары басқармасы мәліметіне сай:
2024 жылы сәуірде құрылыс жұмыстары басталған.

«UNISERV» ЖШС-нің Shacman ауыр жүк көліктері инерттік материалдарды тасымалдағанда жөнделген жолды бүлдірген және су тасқынынан төсем дымқылданып, асфальттың астыңғы қабаты бұзылған.

Ойылған жерлерді қалпына келтіру үшін мердігерге тапсырма берілген.

Нысанның аяқталуы а.ж. қазан айына жоспарланған.

24.06.2024 жылы Филиалдың заңгері Бауыржан Заки мен тренингті аяқтаған Мұхтар Утесов осы объектіге барып, қоғамдық бақылау жасап, мынаны сурет, бейнеге түсірді:

- жасалған асфальт жолдың беті тегіс емес, көп жері «толқынға» ұқсайды.
- жолды жөндеуді 43 км-ден бастағандықтан және әрі қарай жылжуына байланысты ауыр жүк көліктері өздері салған жерлерді «жаншып, езіп» қайтадан бүлдірген.
- теп тегіс жерлерде көлемі үлкен тесік-шұңқырлар өте көп.
- асфальттың астыңғы қабатының биіктігі тым аз.
- астыңғы төсеніш дұрыстап тұрып бекітілмеген, нығыздалмаған.
- жолдың екі шеті/жиегі жоқ, яғни тек саз балшықтан тұрады, бұл болса аварияға әкеледі.
- былтыр жасалған/төселген асфальт тек осы қыстан кейін, яғни бір маусымға шыдамай шашылып, ыдырап, кесек-кесек болып, бұзылуда.

Айтып өту жөн, 19.03.2024 жылы БҚО депутаттарының мем сатып алудан қанша тапқандары туралы біз жасаған анализде 2023 жыл мен 2024 жылдың 1 тоқсанында 23 МЛРД-қа 6 шарт жасаған Сатбаевтар отбасы басқаратын «UNISERV» ЖШС-і бірінші орын алған болатын.

Құрылтайшысы Нұрғазы Сатбаевич САТБАЕВ, 1957 ж.т., БҚО мәслихатының бұрынғы депутаты, ал туған інісінің ұлы Динмухамед Кайратович САТБАЕВ, 1986 ж.т., БҚО мәслихатының қазіргі депутаты және компанияның басшысының бірінші орынбасары.

#коррупция #жол #жолсалу #аким

Комментарии

Информация по комментариям в разработке