Көкпар ойыны ережесі/Кокпар

Описание к видео Көкпар ойыны ережесі/Кокпар

Өленнің атауы: Туран - Қороғлы
Режиссер: @alisher_gumar
Операторлар: @alisher_gumar @erkebulan.gapuov93 @eg_zombie Монтаж: @alisher_gumar
Текст: Зердегуль Мусірова
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі.
Ойынның атауы “көк бөрі” сөзінен шыққан.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30 келідей келеді.
Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.
Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт.
Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді.
Жаппай тартыста әркім көкпарды өзі иелік етуге тырысады.
Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі.

Көкпар жарысы бәйге алаңдарында өткізіледі.
Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты.
Командада 12 адам, алаңда 4 ойыншы болады. Алаң ұзындығы 200 м, ені 80 м.
Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, оның екі жағында диаметрі 8 метрлік шеңбер сызылады.
Алаң ортасында диаметрі 6 метрлік шеңбердің дәл ортасына серке қойылады.
Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады.
Жарыс алаңдағы төрешінің хабары бойынша басталады.

Көкпар 20 минуттан тұратын 2 кезеңнен өткізіледі. Бірінші кезеңнен кейін 10 минуттық үзіліс беріледі.
Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан серкені қарсыластың қазандығына салу.
Көкпар “қазандыққа” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады.
Белгіленген уақыт ішінде қай команда серкені “қазандыққа” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке