Тектінің кегі. Қызық әңгіме. Тұрлыбек Мәмесейіт

Описание к видео Тектінің кегі. Қызық әңгіме. Тұрлыбек Мәмесейіт

Тектінің кегі. Қызық әңгіме. Тұрлыбек Мәмесейіт.
— Не нәрсе? Кәнеки? Бүркіт пе?!
— Үйді соғып өткен сол ма сонда?!
— Япырай, мынау сұмдық қой!
— Ой, жауыз-ай! Кекшілін қарашы! – десіп елеңдескен жігіттер бірінен кейін бірі дүрбі салып жатыр. Соның арасынша қисайып құлап қалған лашықты жаңа көрген Өмірәлі:
— Өй, мынау өлді ғой, ей! Құлатып кетіпті ғой! – деп тұра жүгіріп барып шатыр-кенепті серпіп-серпіп жіберіп, арбаң-сарбаң бұтақтың арасынан балапанды тауып, – Иә, құдай! Байқұсым-ай, аман екенсің ғой! – деп, жібіне оралып, арша бұтақтарының арасында тыпырлап жатқан балапанды қолына алды. Ызалы құс сілкініп-сілкініп жіберіп, тегеурінді аяқтарының тырнақтарын біресе түйіп, біресе ашып, қолдан шығып кетердей бұлқынады кеп.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке