Көлікті мас күйінде айдайтындарға заңды тағы қатаңдату ұсынылды

Описание к видео Көлікті мас күйінде айдайтындарға заңды тағы қатаңдату ұсынылды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:
Жыл басынан бері көлікті мас күйінде басқарған 12 мың жүргізуші жазаға тартылған. Ал, жол көлік апаттары салдарынан көз жұмған қазақстандықтар саны 2 мыңға жеткен. Демек, жолдағы қауіпсіздік шараларын күшейту кезек күттірмес мәселеге айналып отыр. Сол үшін Үкімет басшысы көлікті мас күйінде айдайтындарға қатысты заңды қатаңдатып, құқық бұзушылықтардың алдын алу тәсілдерін қайта қарауды тапсырды.
Елімізде жыл сайын жол апатынан 2 мыңнан астам жолаушы қаза тауып, 19 мың кісі жарақат алады. Ол аздай небары алты айда 12 мыңнан астам жүргізуші көлігін мас күйінде тізгіндепті. Бұл сұмдық деректі ішкі істер министрлігі таратып отыр. Жол көлік оқиғасы елді мекен сыртындағы жолдардың уақытылы, әрі сапалы жөнделмеуі себеп. Ведомства басшысы Ержан Сәденовтің айтуынша, республикалық жолдардың яғни, 95 мың шақырым трассаның тек 3 пайызы ғана талапқа сай. Сол үшін облыс орталықтарының арасын кемінде 4 жолақты жолмен жалғауды ұсынады.
ЕРЖАН СӘДЕНОВ, ҚР Ішкі Істер Министрі:
– Шұғыл түрде 4 және одан да көп жолағы бар 6000 шақырымнан астам жол салу қажет. Интернет-такси жүргізушілері пайда табу үшін ұйқысыз және демалыссыз көлік жүргізеді. Медициналық тексеруден өтпейді, көліктің техникалық жағдайы тексерілмейді. Осылайша, адамдардың өміріне қауіп төндіреді.
Интернет платформалар арқылы жұмыс істейтін таксилердің де жұмысын заңмен реттеу қажет дейді министр. Себебі олар бар норманы сақтамайды. Сол үшін келесі жылдан бастап такси қызметімен айналысатын интернет-агрегаторларға қойылатын талап күшейтіледі.
Премьер-Министр Олжас Бектенов жол құрылысының ұзаққа созылуы кісі өліміне әкеп соғып жатқанын айтты. Себебі құрылыс аумақтарында жол белгілері мен ақпараттық қалқандар, уақытша жол таңбалары жоқ. Әрі автожолдардың басым бөлігі ескі стандарттар бойынша салынған. Ал, басты проблема – көлікті мас күйінде басқаратындар азаймай тұр.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
– Жыл басынан бері 6 миллионға жуық жол ережесін бұзудың жолы кесілді. 12 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды. Тәжірибе көрсеткендей мұндай тәртіп бұзатындарға өте қатаң шаралар қолданылуы қажет. Сондықтан осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу тәсілдерін қайтадан қарау қажет деп санаймын.
Бұдан бөлек, жылдамдықты асыратындарға қатысты жаза күшейтіледі деді министр Сәденов. Қазір тиісті заң жобасы Сенатқа жолданған. Ал, көлікті мас не куәліксіз тізгіндегендерге 7 жылға дейін жүргізуші куәлігін алуға тыйым салынбақ. Сонымен қатар, министр жол бойына жарық шамдарын орнатып, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолағын салу керек дейді. Өйткені, дәл осы қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан жаяу жүргіншілер өлімі көбейген.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке