САРАСӨЗ. Қаракөз Сүлейменова мен Ержан Жаменкеев , Мөлдір Ербол. «HasSak» этно-фольклорлық ансамблі

Описание к видео САРАСӨЗ. Қаракөз Сүлейменова мен Ержан Жаменкеев , Мөлдір Ербол. «HasSak» этно-фольклорлық ансамблі

00:00:14:00 Амандасу, Қонақты таныстыру, Мерекелік құттықтау
00:00:30:06 Музыкалық шығарма - “Тойбастар”, “HasSak” этно-фольклорлық тобы
00:03:56:15 - “HasSak” тобы Наурызды қалай қарсы алады?
00:04:00:01 - Наурызды концерттік алаңда қарсы аламыз. Сахнада өнер көрсетеміз. Киіз үйде ұлттық тамақтардан ауыз тиеміз, ұлттық ойындарды тамашалаймыз.
00:04:40:09 - Наурызды Еуропалықтар секілді ұлан-асыр тойлау үшін не істеу керек?
00:05:25:07 - Наурызға қатысты ұлттық тағамдарды, ойындарды, айтысты және т.б элементті жеке түрде зерттеп, оларды тек белгілі бір кезеңде еске алмай, өмір салтына айналдыратындай деңгейге жеткізу керек деп санаймын.
00:06:52:24 - Қоғамда “кез келген нәрсе заңды түрде бекітілсе, билік тарапынан қолдау көрсе ғана міндетті түрде орындалады” деген түсінік қалыптасқан. Дегенмен адам өмір бойы биліктің қаулысы арқылы өмір сүре алмайды және барлығы өзімізге байланысты емес пе?
00:07:21:02 - Дұрыс айтасыз. “HasSak” тобының құрылуының мақсаты тек ұлттық аспаптарды көрсету ғана емес, сонымен қатар ұлттық бұйымдарды заманауи түрде дәріптеу. Осыған байланысты қазіргі таңда кішкентай сіңлілерімнің “бұл бұйымдар тренд” деп пайдаланып жүргені қуантарлық жағдай.
00:07:54:01 - “HasSak” тобы шетелде жиі ұлттық өнерімізді дәріптейді. Осындай танымалдылыққа жетулеріңіздің сыры неде?
00:08:09:16 - “HasSak” тобы өзін аса танымал деп есептемейді. “HasSak” тобының музыканы өңдеуіне байланысты Пекин консерваториясының профессоры “музыканы өңдейтіндерің ұнайды” деген пікір айтты. Осыған байланысты шетелдіктерге және т.б адамға музыканы қазақи нақышта өңдегеніміз ұнайды деп санаймын.
00:08:57:06 ¬- Сонымен қатар сіздердегі еркшелік – ұлттық музыканың негізіндегі орталық. Дұрыс айттым емес пе?
00:09:27:24 - Сөзіңіздің жаны бар. Мысалы, белгілі бір Сырдың жырына, күйіне өңдеу жасау керек болса немесе сол стиль бойынша шығарма жазу қажет болса міндетті түрде сол жерді тану, соның төңірегінде ғана көмкеру, сол жерде қолданылған аспаптар арқылы орындауға тырысу қажет.
00:10:08:22 ¬- Тоқырауға тірелмес үшін не істейсіздер?
00:10:12:11 - Әлеуметтік қажеттілік тудыратын рух мәселесі және Арал теңізінің трагедиясы, ана тақырыбы, Наурыз сияқты түрлі көңіл-күйге ие шығармаларды қажеттілігіне қарай қамтимыз.
00:11:37:16 - Тариққа жүгінесіздер ме?
00:11:51:13 - Міндетті түрде. Әр шығарманы шығармас бұрын толық зерттеу жұмысын жүргіземіз.
00:12:46:02 - Кей кезде сахнада джаз бағыты бойынша айналысатын музыканттар секілді түрлі импровизацияны жасайсыздар ма?
00:12:58:22 - Әрине.
00:13:02:11 - Сонымен қатар бір-біріңізді өте жақсы сезетін шығарсыздар иә?
00:13:06:09 - 35 шығарманың біреуі нотаға түспеген. Оның жақсы тұсы – ол кемелдену үстінде. Белгілі бір уақытта партитураға айналып, өскелең ұрпақтың игілігіне жарары мүмкін. ¬
00:14:09:12 - Көне аспаптардың үні жайында айтыңыздыршы
00:14:13:18 - Мүйізсырнай,Ұра, Керней, Ортеке, Жіліншік, Доңызқауақ, Барбыт сияқты жаңғырған және жаңғырып жатқан аспап көп.
00:16:14:15 - Орындаған шығармаларыңыз әнмен, күймен, қара өлеңмен де қабысып жатады. Көрермен мұны қаншалықты жақсы қабылдайды?

Комментарии

Информация по комментариям в разработке