Өмірімде МӘН қалмады. Санжар КЕРІМБАЙ.

Описание к видео Өмірімде МӘН қалмады. Санжар КЕРІМБАЙ.

Адамды тануға ұмтылыс ежелден келе жатқан түрлі ғылыми зерттеулер нысаны. Пәлсапалық трактоттардың мәнді өзегі. Сократ, Платон, Аристотельдер, Конфуций мен Буддалар, Ғайса мен Мухаммед пайғамбарлар дәуірінен өмірдің сырын ашуға деген көптеген талпыныс болды. Тарихта қай ғылым, қай дін халықтың ғасырлар бойы жинаған даналығы болсын, адамның бойындағы қасиетті ашуға, белгілі бір ақиқатты пайымдауға, зерттеулерді паш етуге ұмтылған, бірақ, түбі терең кей сұраққа әзірге жауап берілген жоқ.

Әлемді рухани игеру мәңгілік процесс. Бір жағынан таным процессі ақиқатқа жетіп, бар сұраққа жауап ашылса адамзатқа ғылымның қажеті болмай қалар еді. Сондықтан, өмірдің тылсым сыры мен адам табиғатын зерделеу бітпейтін, шексіз үдеріс іспетті.

Осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан бүгінгі кейіпкеріміз шығыстанушы, қиссашы, логотерапевт Санжар Керімбай. Мәдени хәлі үйленген, 7 баланың әкесі. Өзі де Арыстың жағасында көп балалы отбасында дүниеге келген. 10 баланың ішіндегі ойлысы. 5 тілде еркін сөйлеп, еркін жазады.

WhatsApp: https://wa.me/77028398688
Instagram:   / guljazim  
facebook:   / guljazim  


#СанжарКерімбай #guljazim #сарасөз #жансарайы

Комментарии

Информация по комментариям в разработке