Қайрат Нұртас - Ауырмайды жүрек

Описание к видео Қайрат Нұртас - Ауырмайды жүрек

Қайрат Нұртас - Ауырмайды жүрек / Кайрат Нуртас - Ауырмайды журек / Kairat Nurtas - Auirmaydi zhurek
Жастықтың жалынды бір күні еді,
тым ерекше атты таңдары-ай!
Көздеріңе көзім байланғанда,
жүрек тулап оттай жанғаны-ай!

Неге ояттың мені жүрмедің бе,
ой-санамды мәңгі жауламай,
Неге ғана маған кездестің сен,
ғашық болдым қалай аңдамай?..

Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
сенсіз өткен күндер болмаса,
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
сені ойлатқан түндер болмаса.
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
мөлдіреген көзің болмаса,
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
сүйем сөзің болмаса...

Жалындаған сол бір жаздың әнін,
күз нөсері енді жалғасын,
Ауырады жүрек, ауырады,
ауырады жүрек болғасын.
Біздe емес ол жақ жылы дей ме,
самғай бер қанатың талмасын,
Жылатасың дағы жұбатасың,
әрбір сөзің атқан қорғасын.

Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
сенсіз өткен күндер болмаса,
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
сені ойлатқан түндер болмаса.
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
мөлдіреген көзің болмаса,
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
сүйем сөзің болмаса... (2х)

Жаңа музыкалық арна 100% қазақ тілінде.
Қызықты бағдарламалар, ескімізді еске алу, жаңамызды жаңа деңгейде көрсету.
www.zhuldyz.tv
[email protected]
Жұлдызың жаныңда болсын ағайын!
Zhuldyz TV-ән мен әнші, бейнебаяндар мен музыкалық жобалар, тұсаукесерлер!
#ҚайратНұртас #АуырмайдыЖүрек #zhuldyztv

Комментарии

Информация по комментариям в разработке