Жөтел көбіне суық тигізіп алғаннан пайда болады, ал кейде ол бронхит немесе пневмонияның белгісі болуы мүмкін. Қалай болғанда да, онымен мүмкіндігінше тезірек күресу керек. Ескерту!Кез келген шөп, гүл, халықтық өнім аллергия тудыруы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Оларды қабылдамас бұрын, сізде аллергия жоқ екеніне көз жеткізу керек және дәрігеріңізбен кеңескен жөн.
Құрғақ жөтелге қарсы халық емі
Бұл жағдайда негізгі міндет - қақырықты шығару. Төмендегі тізімделген өсімдіктер осыған көмектеседі.
Жолжелкен
1 ас қасық құрғақ жолжелкен жапырақтарын бір стақан қайнаған суға араластырыңыз. Оны 2 сағат тұндырып, сүзіп алыңыз. Тамақтанудан 20 минут бұрын күніне 4 рет 1 ас қасықтан ішіңіз.
Шалғам
Бұл - жөтелге қарсы өте тиімді әсер ететін көкөніс. Шалғамды әр түрлі өнімдермен бірге қолдануға болады. Мысалы, сәбіз шырыны мен бал қосылған шалғам шырыны. Немесе жай ғана балға аралстырыңыз. Сағат сайын 1 ас қасықтан ішіңіз. Бірақ ең жиі қолданылатын әдіс - бұл бал қосылған шалғам сиропы (көкөністі ойып, ішінде ойыққа бал құйылады және сироптың шығуын күтеді), мұны да 1 ас қасықтан қолданыңыз.
Өгейшөп жапырақтары
Бұл өсімдікті дәріханада сатылатын жөтелге қарсы препараттардың құрамына қосады. Оны шай ретінде демдеп ішуге немесе тұнба жасауға болады - құрғақ жапырақтарға су құйыңыз, 15 минут қайнатыңыз. Тамақтанудан жарты сағат бұрын 1 ас қасықтан ішіп отырыңыз (күніне 6 ретке дейін).
Мия тамыры
1 ас қасық туралған тамырды бір стақан қайнаған су құйып, қайнатыңыз. Содан кейін оны 2-3 сағат тындырыңыз. Күніне 4-5 рет ас қасықтан қолдануға болады.
Зімбір тамыры
Одан тұнба жасауға болады (ұсақ үккіштен өткізіп, қайнаған суға салып, басқа шөптерді де қосуға болады, жарты сағатқа қалдырыңыз, содан кейін дәміне қарай бал қосуға болады). Оны 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішіңіз.
құрғақ жөтел,құрғақ жөтелге ем,құрғақ жөтелге не істеуге болады,жөтелді тез кетіру,жөтелді емдеу жолдары,құрғақ жөтелді емдеу жолдары,жөтелді үй жағдайында емдеу,жолжелкен емі,Шалғамның пайдасы,Өгейшөп жапырақтары,Мия тамыры,Зімбір тамыры,жотелди емдеу,жотелден тез кутылу,жотелди калай кетируге болады,жөтелден қалай құтылуға болады,жотелди калай тез емдеуге болады,жутелди емдеу
@shipa_b
Информация по комментариям в разработке