«Мал бағуға мәжбүрміз». Солтүстік Қазақстанға оңтүстіктен көшіп келгендер жұмыссыз жүр

Описание к видео «Мал бағуға мәжбүрміз». Солтүстік Қазақстанға оңтүстіктен көшіп келгендер жұмыссыз жүр

Солтүстік Қазақстан облысына «Еңбек» бағдарламасымен оңтүстіктен көшіп келгендер жұмыссыз жүр. Жоғары білімі бар кейбірі, тіпті мал бағуға мәжбүр. Өйткені мамандық бойынша істейтін жұмыс жоқ. Ал бар жерде тілдік кедергілерге тап болады. Сондықтан еріксіз шұлық, биялай сатып бала- шағасын асыраудың, аш қалдырмаудың амалын жасап жүргендер көп. Қызметке кіргендердің де жағдайы жақсы емес. Өйткені көбі ай сайын алатын 49 мың теңге жалақыға әрең күн көріп жүргендерін айтады.
Жасын тия алмай тұрған әйел оңтүстіктен көшіп келген Айдана Ибрагимова. Информатика пәнінің мұғалімі. Бірақ көшіп келгелі мамандығы бойынша жұмыс таба алмапты. Қазір күйеуінің 49 мың теңге жалақысы мен балаларға алатын 50 мың теңге әлеуметтік көмекпен ғана күн көреді. Бұдан бөлек, мемлекет берген үш бөлмелі үй де суық дейді. Тіпті баспана жылы болуы үшін екі бөлмені бітеп, жалғыз бөлмеде үш баласымен бірге жылынып отыр екен.
АЙДАНА ИБРАГИМОВА, Покровка ауылының тұрғыны:
– Көріп отырсыз ғой трещина бар. Төбе әшейін тақтай. Есікте мұз қатып жатыр. Суық бәрібір. Жағасың ыстық ұстамайды. Бәрі жоғарыдан шығып кетеді. Астынан, үстінен суық келеді. Жан жақтан жел келеді кәдімгі жатсаң.
Мақпал Тоқтанаева да ауылдан жұмыс таба алмағандықтан облыс орталығындағы базарда сауда жасап жүр. Үйдегі төрт баласын тамақтандыру үшін шұлық, биялай сатып күн көреді. Ал жоғары білімді заңгер мамандығын тәмамдаған жолдасы о баста 70-80 мың теңгеге мал баққан. Бірақ тапқан табысы отбасын асыруға жетпегендіктен ақыры Атырауға вахталық әдіспен жұмыс істеуге кетіпті. Мақпалдың айтуынша, солтүстікте орыс тілін білмей жұмысқа тұру қиын дейді.
МАҚПАЛ ТОҚТАНАЕВА, Покровка ауылының тұрғыны:
– Қазақ елінде тұрып осында қазақ тілінің мәртебесі осынша төмен болғанына жаным ашиды. Кез келген жерге жұмысқа барсақ та орыс тілін міндеттеп қояды. Жолдасыма бар. Мамбетовке малшы етіп кіргізді жұмысқа. 49 мың теңге айлық бізге жеткен жоқ. Сосын одан бас тартып, Атырауға кетті.
Ауыл әкімі көшіп келгендердің көбінің білімі жоқ. Сондықтан өз кәсібін ашқысы келетіндер көп дейді. Ал қара суықта бір бөлмені әрең жылытып отырған отбасының жағдайын жөндеуге уәде берді.
МҰРАТ ҚАРАБАЛАЕВ, Пригородный ауылдық округінің әкімі:
– Жоғарғы білімі болса айына 60 мың зарплата төлейді. Ал жоғары білім болмаса 40-45 мың ақша шығады. Жақсы жаманы жоқ. Біз бекітпейміз ғой оның көлемін. Үкімет бекітеді.
Солтүстікке бес жылда «Еңбек» бағдарламасымен он мыңға жуық адам көшіп келген. Оның төрт мыңға жуығы еңбекке жарамды. Екі жарым мыңы тұрақты жұмысқа орналасып, 598 адам кәсіп ашқан. Ал бір мыңға жуық адам жұмыссыз, не жұмыс таппай қайта көшіп кеткен.





Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#сәтсіз_көш #СолтүстікҚазақстан #әлеумет

Комментарии

Информация по комментариям в разработке