САПАРҒАЛИ БЕГАЛИН - ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ

Описание к видео САПАРҒАЛИ БЕГАЛИН - ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ

Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы–Сапарғали Бегалин
Әдебиет саласында балалар әдебиеті дейтін үлкен бөлімі бар.Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Сапарғали Бегалин деген жазушының өмір жолын сөзімізге тиек етпекпіз.
Сапарғали Бегалин 1895 жылы 24 қарашада бұрынғы Семей облысы, Дегелең ауылында дүниеге келген.Жазушы өзінің шығармашылығын өлең шығарумен бастаған.1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген.
1929–1935 жж. Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі. Бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түркісіб басқармасында жауапты жұмыстар атқарды.
1935–1956 жж. «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР ҒАның Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті. Алғашқы өлеңі – «Қазақ бозбалаларына» 1914 жылы «Айқап» журналының No 9 санында басылды. «Қыран кегі» (1943), «Цимлян теңізі» (1953), «Таңдамалы» (1956), «Сырлы қайнар» (1963), т.б. өлеңдер мен поэмалар, «Көксегеннің көргендері» (1948), «Ермектің алмасы» (1955, 1985), «Сәтжан» (1947, 1973, 1978), «Жас бұтақ» (1953), «Жеткіншектер» (1960), «Мектеп түлектері» (1961), «Шоқан асулары» (1971), «Қыран туралы аңыз» (1976), «Екі томдық шығармалар» (1976), т.б. әңгіме, повестер жинақтары, «Замана белестері» (1975) романы жарық көрді.
Халық ақындарының шығармаларын сұрыптап жинақ етіп шығарды («Халық ақындары», 1953; «Өмір жыры», 1953), өнер саңлақтары жөнінде («Сахара

сандуғаштары», 1976), жыр алыбы Ж.Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімеленді.
Сапарғали Бегалин қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған

Комментарии

Информация по комментариям в разработке