ВЛОГ-22 Тобыл - Виктория 1:2 Тобол тоқтайды ма ?

Описание к видео ВЛОГ-22 Тобыл - Виктория 1:2 Тобол тоқтайды ма ?

“Тобыл” сапында Қостанай футбол академиясының 7 түлегі ойнайды. Қостанай қаласы балалар футболын дамытуға сөзбен емес, іспен кіріскен. Футбол орталығында 800ден аса бала тегін жаттығады. Тобыл-Виктория кездесінен ВЛОГ түсіруге барып тұрып, Қостанай қаласындағы балалар футболына жасалған жағдайға назар аудармай кете алмадым. Осы ВЛОГты көрген қарапайым жанкүйерден бастап, футбол клубының жетекшілері, облыс әкімдері мен өңірлердегі спортқа жауапты адамдар біраз ой түйеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, Еуропа конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі “Тобыл” мен “Виктория” Пльзен матчы да эмоцияға толы болды. Рамазан Оразов “Тобыл” сапындағы соңғы сұхбатын берсе, Серікжан Мұжықов өз командасының келесі кезеңге өтетініне сенімді. Клуб жетекшісінен де ауқымды сұхбат алынды. Ендеше ВЛОГ көңілден шығады деген үміттемін. Ұнаса лайк басып, пікір қалдырсаңыздар! Сілтемесін бөліскен әрбір жанға айтар алғысым да шексіз! Қазақ футболын, қазақ контентін бірге көтерейік. Менің телеграмм арнама да жазылып қойыңыздар! Сәлтемесі міне: https://t.me/AibekQabylsha

Комментарии

Информация по комментариям в разработке