«АСЫЛ ЕР ӨЗІН БИІК САНАМАЙДЫ…»

Описание к видео «АСЫЛ ЕР ӨЗІН БИІК САНАМАЙДЫ…»

«Кітап – сарқылмас қазына» жобасы
Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінің
8 «А» сынып оқушысы Манат Саида
______________________________
Асыл Әлімжанұлы Әбішев - 1974 жылғы қазан айының 3-ші жұлдызында ұлылар мекені, қасиетті Баянауыл жеріңде, ұлы ғалым Қаныш Сатбаев туған өлке, Теңдік ауылында дүниеге келген.
Ақын, журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының төрағасы, қазіргі таңда «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының бас редакторы, «Ақпарат саласының үздігі» белгісінің иегері.
2000 жылдың ақпанынан Павлодар облысы «Сарыарқа самалы» газетінде тілші, экономика және саясат бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, 2011 жылдың қазанынан 2015 жылға дейін Бас редакторы қызметін атқарған.
«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің «Поэзия», «Журналистика» номинациялары бойынша жүлдегері және дипломанты.
ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, бірнеше мәрте ҚР Ақпарат министрлігінің және Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен, 5 рет облыс әкімінің Грантымен, 4 мәрте Қазақстан Журналистер одағының сыйлықтарымен марапатталған.
Поэзиялық шығармалары «Жастық әуен», «Ертіс толқыны» жинақтарына енген.
Үйленген. Отбасында 4 ұл тәрбиелеп отыр.
_______________________
Дүйім жұртқа Асыл Әбіш атымен әйгілі, ақын ағамызбен сұхбатымыз өз мәресіне жетті.
Жақсылар жақсымын деп айталмайды.
Жамандар жақсымын деп айқайлайды.
Жүрген соң бауырыңды күнде көріп
Таулардың биіктігі байқалмайды – деген өлең жолдары Сізге арналғандай!
_______________________
Асыл аға! Сізге шығармашылық табыс тілеймін! Қаламыңыз мұқалмасын! Оқырмандарыңызды жақсы жырларыңызбен қуанта беріңіз дегім келеді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке