Әлем чемпионы Б.Нұрдәулетовке туған жерінде зор құрмет көрсетілді

Описание к видео Әлем чемпионы Б.Нұрдәулетовке туған жерінде зор құрмет көрсетілді

Әлем чемпионатында ел намысын қорғап, алтын медальды жеңіп алған Бекзат Нұрдәулетовке туған жері Маңғыстауда ерекше құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Серікбай Тұрымов жерлестері атынан боксшыға Ақтаудан екі бөлмелі пәтер сыйлады. Ал, алғаш спортқа баулыған жаттықтырушысы Батырбек Жайлыбаевқа 3 миллион, қазіргі бапкері Марат Жакиевке 5 миллион теңге тарту етті. Туған қаласы Жаңаөзеннің басшылығы болса, жас батырға темір тұлпар мінгізді.

Ел мерейін үстем еткен 21 жастағы Бекзат Нұрдәулетов пен оның бапкерін күтіп алу үшін әуежайға екі жүзге жуық адам жиналды. Арасында аймақтың құрметті азаматтары, жас спортшылар, туған-туыстары мен жанкүйерлері бар.

Толығырақ: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/it...

Комментарии

Информация по комментариям в разработке