Жарты миллион жалақы алатын тігінші | Көз жанарын суалтатын мамандықтың зияны | ЖҰМЫСШЫ МАМАН

Описание к видео Жарты миллион жалақы алатын тігінші | Көз жанарын суалтатын мамандықтың зияны | ЖҰМЫСШЫ МАМАН

🔺Бүгінгі бағдарлама: “ТІГІНШІ” мамандығы.

«Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам. Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз».
📌 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауынан.

«Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек».
📌 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауынан.

🔺 Фильмдердің мақсаты:
Мақсат - еңбекқорлықты үлгі ету, еңбек адамына деген, жұмысшы мамандығына деген құрметті арттыру, өз саласының нағыз маманы болу, адал қызмет ету сияқты ізгі идеяларды насихаттау. Және Мемлекет басшысы атап өткендей Әділетті Қазақстанның тіреге боп табылатын Адал азаматтарды елге насихаттау. Жұмысшы адам дегеніміз – қатардан қалған сала емес екенін, керісінше адал еңбек пен жоғары жалақының ортасы екенін насихатталады. Және жұмысшы мамандықтарының ресми оқу орындары бар екендігі, диплом мен тиісті тәжірибе қадағалатыны айтылады.

Әділетті қоғамның тірегі – адал еңбек. Біз бүгінгі жас ұрпаққа осыны ұғындыруымыз керек. Тоғышарлық, масылдық, енжарлық, мансапқорлық секілді жағымсыз қасиеттер кең етек жайғанда еңбек етуге деген ынта мен жігер азайып, жұмыс өнімділігі төмендей түседі. Әр салада жүрген еңбек адамы бүгінгі заманның жеке-жеке батырлары есебінде ұсынылады. «Еңбек – бәрін жеңбек» қоғамның ұранына айналу үшін қоғамдық көзқарас қалыптастыруға ықпал етеміз. Әсіресе еңбекті бағалау, өз саласының маманы болу, адал қызмет ету сынды құндылықтар басты назарда тұрады. Және жұмысшы мамандығының қатардағы қара жұмыс емес екенін, олардың ерекше қабілеттерін, өнерлерін көрсетеміз. Оған қоса жұмысшы мамандардың жалақысы мен оларға жасалған жағдай туралы толық айтылады. Мемлекеттің еңбек қауіпсіздігін қатаң бақылап отырғаны да ескертіледі.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке