Қасқырды жеңе алатын 7 түрлі ит | TOP7 | HD

Описание к видео Қасқырды жеңе алатын 7 түрлі ит | TOP7 | HD

Қасқыр еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету қиынның қиыны. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды, не жеңеді, не өледі, әйтеуір аяғына дейін жеткізеді, Қасқырлардың бойының биіктігі 70 см ал салмағы 50 кг болады.

Сәлем достар! Бүгін біз, сіздерге, қасқырға қарсы төтеп бере алатын 7 түрлі итті көрсететін боламыз!

Гурдбасар, немесе Әзірбайжандық қойшы ит. Бұл ит Әзірбайжанның таулы аймақтарында өмір сүреді, әзірбайжандықтар, бұл итті мал бағу және оны қорғау үшін асырайды. Гурдбасарлар иесінен басқаларға өте қауіпті, дос жанды иттердің қатарынан емес. Бұл ит әлемдегі ең ірі иттердің тұқымына жатады, оның биіктігі 76 см, салмағы 60 кг, Гурдбасарлар 15 жыл өмір сүреді!

Құмай тазы, Бұл ежелгі Мезолит дәуірінде қолға үйретілген ит. Бұл ит тұқымы Қазақстан және Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінде өмір сүреді, Адамдар бұл итті аңшылыққа пайдаланған, өте жылдам жүгіре алатын иттердің бірі, Бұл иттің бойы 70 см, салмағы 23 кг болады.

Кангал, кейде бұл ит түрін анадолы авчаркасы деп те атайды, бұл ит түрін адамдар ең ежелгі заманнан бері аңшылыққа қолданып келеді, тарихшылардың айтуынша бұл ит түрі Вавилон империясы замманынан бері өмір сүріп келе жатыр, бұл иттің бойы 75 см, салмағы 60 кг, бұл досжанды ит, кез келген адаммен тіл табыса алады! Оңтүстік Африка Республикасы, құс фабрикаларындағы тауықтарды, жабайы гепардтардан қорғау үшін, осы ит түрін қолданады!

Ирландық волкодав, Бұл итті Ирландықтар, әскери операцияларда, аңшылыққа, күзетке пайдаланады, ыстық пен суыққа төзімді, өте жылдам жүгіреді және әлемдегі ең биік ит түрі болып саналады, оның биіктігі 79-80 см, ал салмағы 40-45 кг болады, 18ші - 19ші ғасырларда Англия мен Франция үкіметі, мал шаруаларына, қасқырлардан қорғану үшін осы ит түрін қолдануды ұсынған болатын!

Кавказ овчаркасы, Бұл ит түрі Кавказ аймақтарында өмір сүреді, Кавказдықтар бұл итті, малдарын қасқырдан қорғау үшін асыраған, бұл ит орасан зор күш иесі, иесінен басқасына өте қатал! Бұл ит түрі жер бетіне өте аз тараған тұқым болатын, тұқымы жойылып бара жатқан иттердің бірі. Бұл ит өте биік емес, оның бойы 68 см, салмағы 45 кг болады!

Пиренейлік тау иті, Францияда өмір сүреді, Бұл ит түрін Мал шаруашылығын күзетуге пайдаланған, ақ мамық жүнді, бұлшық етті, мықты ит, бұл иттің биіктігі 70 см, салмағы 50 кг болады.

Тибеттік мастиф, Бұл ит түрі, қазіргі Қытайдың Тибет жерінде өмір сүреді, Бұл ит түрі ежелгі аңыздар мен ертегілерде көп кездеседі және Аристотель мен Марко Поло еңбектерінде де кездескен. Тибеттік монархтар бұл иттік өздерін қорғау үшін қастарына ертіп жүретін болған, бұл иттің күші орасан зор көп. Бойының биіктігі 77 см, салмағы 55 кг. Мінезі сабырлы, дос жанды ит.

Достар егер менің алғашқы дыбыстық видеом ұнаған болса, лайк басып, арнаға тіркелуді ұмытпаңыздар! Сіздер үшін арнайы Serzhan TV арнасы!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке