Жаға жыртыс басталды: Арыс қаласының тұрғындары көмірге қол жеткізе алмай отыр

Описание к видео Жаға жыртыс басталды: Арыс қаласының тұрғындары көмірге қол жеткізе алмай отыр

Түркістан облысының Арыс қаласында көпшілік көмірге қол жеткізе алмай жүр. Вагон-вагон көмір келгенимен қалың қауым арасында күнде талас-тартыс туындап жатыр. Көпшіліктің көмірге қол жеткізе алмай, кезектің көбеюіне не себеп? Мақсат Жақсыбайұлы біліп қайтқан еді.
МАҚСАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ, Тілші:
– Көмір сататын бұл орынға күніне 200 көлік кіреді екен. Бірақ сонда да кезектің таусылатын түрі жоқ. Дәл бүгін 12-ші қаңтар күні кезекке жазылған тұрғындар қатты отынға енді ғана қол жеткізіп жатыр.
Көмір сататын орынға кіреберісте иін тірескен көлік те көп, жұрттың қарасы да қалың. Халық жаңа жылдан бері қатты отын алу үшін табанынан тозып жүргендерін айтады. Биыл қыс қатты болғандықтан көпшіліктің көмірі таусылыпты. Оны алуға кезекке тұрғандар тым көп. Араға кірген алып-сатарлар да ахуалды қиындатып жатыр дейді жұрт.
ПЕРИЗАТ ЖАҢАБЕКОВА, Тұрғын:
– Алып-сатарлар көп ана жақта, мысалы. қанша Камазбен бәрі де кіріп кетіп жатыр. Магазиннен аламыз 3-4 қап, ол жетпейді. 3-4 күн жағамыз болды. Бағасы 1400-1500 теңге боп жатыр кішкентай ғана қабының. Бір салғаннан артылмайды ол.
Көмірді тасып жатқан көліктер де кезегін күтіп 2-3 күндеп жүріп қалады екен. Тоннасы 16 900 теңгеден сатылып жатқан қатты отын тұрғындарға жеткізілгенше 23 мың теңгеге дейін көтеріледі дейді жұрт. Ал қақаған аязда ағаш жағып күнелткендер оны алмасқа амал жоқ деп отыр.
БАЛҒАБАЙ ЕРЕЖЕПОВ, Тұрғын:
– Енді осы баяғыдан қалған көмірлерімізді жағып, ағашпен отырмыз қазір. Мына қазір тұрғаныма 10 күн, 8 күн болды жүргеніме. Енді адамның мынау слов нету у меня орысша айтқанда.
Әдетте қыста 5-6 тонна көмір жағатын арыстықтардың биылғы сұранысы екі есеге артыпты. Ал көмір сататын орында қалың қауымға қатты отын түгел жетуі үшін 3 тоннаның төңірегінде ғана артып беріп жатыр екен. Осылай деген әкімдік өкілдері күнделікті 150 отбасына көмір жеткізіліп жатыр деді.
ҚУАНЫШ ШОЙНАҚОВ, Арыс қалалық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
– Бір-бір ковчиктан жіберіп жатырмыз. 2,5-3,3 тоннадан. Өздеріңіз көріп отырсыздар, кезекшілік қойғанбыз арнайы. Қала әкімдігінен, жергілікті атқарушы органнан, құқық қорғау органдарынан өздері кезекшілік сақтап, халықтың тұрақты қолына жеткізу үшін бақылауда ұстаймыз.
Көмір сататын кәсіпкер бүгінге дейін 56 вагон қатты отынды арыстықтарға үлестіріпті. Тағы 30-дан астам вагон жеткізілуі тиіс дейді.
ХАБИБ ХАЙТМАТОВ, Кәсіпкер:
– Көмір жеткілікті. Тек басында көмір тасымалдайтын вагондардың жеткіліксіз болғаны рас. Жаңа жылдан кейін бұл мәселе шешілді. Қазір 20 вагон Мойынты стансасында тұр. Төртеуі жолда келе жатыр. Тағы 14 вагон Арыстың маңына жақындап қалды. Жергілікті халықты жуық арада көмірмен түгелдей қамтитын боламыз.
Әкімдік өкілдері алдағы аптада кезек азайып қалады деп сендірді. Ал Арыс жұрты қатты отынмен түгел қамтылмайынша, көрші аудандардың іргелес жатқан ауыл жұртына көмір әзірге берілмейді дейді.








Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке