Әйелі зина жасаса, күйеуінің онымен ажырасуы шарт па?... / Абдусамат Қасым

Описание к видео Әйелі зина жасаса, күйеуінің онымен ажырасуы шарт па?... / Абдусамат Қасым

Алдымен айта кететін нәрсе: ер адам болсын, мейлі әйел болсын және отбасылы болсын, мейлі бойдақ болсын - зина жасау үлкен, ауыр күнә. Зина жасаған адамның ақыреттегі жағдайы тым ауыр. Бірақ соның ішінде тұрмыстағылардың зинаға барулары екі есе ауыр. Сондықтан да, шариғатта зина жасаған бойдақ адамға дүре соғу жазасы бекітілген де, ал отбасылы адамға «тас боран етілу» жазасы тағайындалған (әрине егер төрт куәгер үстінен түскен болса). Осыдан-ақ, отбасылы кісінің зина жасауының күнәсі екі есе ауыр екендігін ұғуға болады. Тұрмыстағы әйелдің ондай күнә іске баруы тым ауыр. Өйткені, «еркек бұзылса – отбасы бұзылады, ал әйел бұзылса – әлем бұзылады» деген аталы сөз бекер айтылмаған. Бұл видеода, автор зина жасаған әйелін талақ ету міндет пе, деген сұраққа жауап іздеп отыр.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке