8. Мұхаммет с.ғ.с. нұры | Қисса сүл-әнбия

Описание к видео 8. Мұхаммет с.ғ.с. нұры | Қисса сүл-әнбия

Мұхамбеттің нұры

Адам атаны жаратқан соң, Ұлық Алла оны пейішке кіргізді. Ақ жақұттан Хаджар әл-асуад деген тақ жасап, оған Адам атаны салтанатпен отырғызды. Қазіргі Бәйтул Мұқадастағы қара тас Адам атаның алғашқы тағы болған екен. Барлық періштелер:
– Адам менің орынбасарым болады. Он сегіз мың ғаламдағы барлық жаратылыс адамның игілігі үшін қызмет етеді. Оған құрмет көрсетіңдер, – дейді. Самсаған періштелер салтанатпен сап түзеп, Адам атаны көру үшін сан мыңдаған ғаламдардан тоқтаусыз ағылып келіп жатты.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке