Дәстүр Асылхан - "Тұлғалар қайтып барады" (Сөзі: Қуат Ежембек Әні: Дарын Шаяхметов)

Описание к видео Дәстүр Асылхан - "Тұлғалар қайтып барады" (Сөзі: Қуат Ежембек Әні: Дарын Шаяхметов)

Тұлғалар қайтып барады...

Сөзі: Қуат Ежембек
Әні: Дарын Шаяхметов
Әнші: Дәстүр Асылхан

Жылайды жұлдыз жаралы Ай,
Кеудеге біткен жарадай.
Өлместің күнін кештім мен,
Өткенге бір сәт қарамай...

Жындандық, жылап, күлдікте,
Қайғысыз, қамсыз жүрдікте.
Қайтарған құсын Тұманбай,
Қайтарын өзі білдік пе?!

Қайырмасы:
Ән-жырға бөлеп көк белді,
Әуенге қосып көктемді.
Құс емес бүгін төбемнен,
Тұлғалар ұшып өткен-ді...

Құс-ғұмыр қимай қарады,
Апыр-ай жаны жаралы.
Қарауға көкке қорқамын,
Тұлғалар қайтып барады...

Әлі де нұрлы болар ең,
Болар ең тағы толар ең.
Қайтарған құсын Нұрғиса,
Қайтып кетіпті-ау солармен.

Өкініп бірде қуанып,
Жүретін ылғи бір алып.
«Қарлығаш» болып келді де,
Өмірден өтті Жұбанов.

Өтеуі болар сыйдың да,
Көңілім, кідір күй тыңда.
Ұйықтатып арман «Аққуын»,
Мұқаң да кеткен ұйқыға.

Ал, жүрек жырла төк мұңды,
Аңсадың білем текті ұлды.
Сыршыл да сыншы Сығайым,
Шын өмірге бет бұрды.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке