Корейанкалардың құпиясын таптым, бетті 1 аптада ағартатын супер Маска! Оңай және тез!

Описание к видео Корейанкалардың құпиясын таптым, бетті 1 аптада ағартатын супер Маска! Оңай және тез!

Теріні үй жағдайында грейпфрут шырынымен ағартуға болады. Ол үшін бетімізді грейпфрут кесектерімен сүртеміз. Бетті сүртпес бұрын алдымен кесектердегі қабықты алып тастаңыз немесе жаңа мұздатылған грейпфрут шырынын қолданыңыз. Грепфрут стресстің немесе шаршағандықтың, қызарудың белгілерін жоюға көмектеседі. Мұндай сұлулық рәсімінен кейін бетімізді салқын сумен жуып және нәрлендіретін бет кремін қолданамыз.
Пигментті дақтарды қалай ағартамыз
Пигментті дақтарды кетірудің халықтық әдісі – ол мұздатылған күріш суы.
Бұл ағарту құралы былай жасалынады: Бір ас қасық күріш алып, оны ыдысқа саламыз. Содан кейін оған аз мөлшерде су құйып, отқа қойыңыз. Бірақ, күріш пісіп кетпес үшін, қайта-қайта араластыру керек. Күріш суы дайын болғанда сұйықтықты дәкемен сүзіп аламыз. Ал сұйықтық суыған соң, оны тоңазытқышқа салыңыз.
Мұндай күріш сорпасынан жасалған косметикалық мұзды ұйқы алдында жағу керек. Бірақ, мұзды күріш суын үш күннен артық сақтауға болмайды.
Пигментті дақтарды кетіруге арналған тағы бір құралды пайдаланып та, теріні үй жағдайында ағартуға болады. Бұл жағдайда жасыл ақжелкен немесе лимон шырынының қайнатпасы жақсы көмектеседі. Ол үшін лимон шырыны немесе жасыл ақжелкен қайнатпасымен мақта таяқшасын сулап, даққа жағыңыз. Бірақ мұндай құралды пайдалануда өте сақ болыңыз. Себебі, теріңіз қатты кеуіп кетуі мүмкін. Сырт келбетке күтім көрсете отырып, ылғалдандыратын және нәрлендіретін крем пайдалануды ұмытпау керек.
Секпілдерді ағарту
Күлкілі және көзге көрінетін сарғыш сепкілдер әр әйелдің көңілінен шыға бермейді. Егер секпілдер бетіңіздің әдемілігін құртып тұр деп ойласаңыз, онда төмендегі рецепттердің көмегімен оларды ағарта аласыз.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке