Аптап ыстықта ауыз судан тарыққан ақтаулықтар тағы да көшеге шықты

Описание к видео Аптап ыстықта ауыз судан тарыққан ақтаулықтар тағы да көшеге шықты

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:
Аптап ыстықта ауыз судан тарыққан ақтаулықтар тағы да көшеге шықты. Тіршілік нәрін беруді талап еткен жұрт жолды жауып, наразылық білдірді. Себебі, тұрғындардың төзімі әбден таусылған. Жыр болған мәселе қашан шешіледі деген халыққа шенеуніктердің айтар өз уәжі бар.
Ақтауда жылда айна қатесіз қайталанатын бір сценарий. Олай дейтініміз, биыл да Маңғыстау өңірінде ауыз су өшірілді. Ал қапырық ыстықта бір жұтым сусыз қалу үлкенге де, кішіге де қиын. Қит етсе құбырдан су ақпай қалатын қаланың жұрты бұл жолы қатты ашуланды. Тіршілік нәрінің берілуін талап еткен жұрт көшеге шығып, жолды жапты.
АЙБЕК ЖҰМАҒАЛИЕВ, Ақтау қаласының тұрғыны:
– Жаз басталғалы осы проблема ғой бізде Ақтауда. Теңіздің іргесінде тұрып су жоқ. Өзім бесінші этажда тұрамын. Конкретно айтқанда ұлы сөздің ұяттығы жоқ шіріп кетуге айналдық. Алдыңғы жылы да осы, жыл сайын осы проблема.
Кеңірдегі құрғап, ашынған халық шенеуніктерден су беруді талап етті. Қала қонақтарынан ұят болды деген қараша тіршілік нәрін сатып ішіп шаршағандарын айтады. Ал атқамінерлер қаладағы өндіріс ошақтары мен шағын және орта бизнес нысандарының тіршілік нәрін пайдалануға шектеу қойылғанын айтады. Сондай-ақ, су тұшытатын Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты “үнемдеу” режиміне көшті деді.
ӘБДЕШ ТҮРКМЕНБАЕВ, Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:
– Жаңағы айтып отырғаным МАЭК-тің өнімділігі түсіп кетуіне байланысты. Мен табиғатқа ештеңе жасай алмаймын. Мына жерде уәде беріп, сіздерді алдағым келмейді. Күн ысып кетуіне байланысты, судың температурасы аномальный 28 градус болса, қазір 26 градуспен тұр. Сіздерде түсініңіздер. Біз экономический режимге көшіреміз. Басқа амалымыз жоқ.
МАЭК серіктестігінің өкілдері таңға дейін тұрғын үйлерге су жібереміз деп сендірді.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай да шұғыл жиналыс өткізіп, жұрттың жанына батқан мәселені шешуге тапсырма берді.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке