Таңат Сәденов | Жантөре-Шалқыма 🔥🔥🔥

Описание к видео Таңат Сәденов | Жантөре-Шалқыма 🔥🔥🔥

Орындаған: Таңат Сәденов
Күй Қаршыға Ахмедияровтың нұсқасы

*********************************************
Жантөре - Әбілқайыр немересі, Айшуақ баласы Жантөре хан күйдегі "Шалқыма" жанрының негізін салушы. Атасы мен әкесінің қолбасшылық қабілет дарыған Жантөре жасында Сырым батыр жасағына ерді. Талай ұрыста ойқастап, талай айқастан аман шықты. 1805 жылы әкесі Айшуақтың орнына таққа отырды.
Жантөре күйшінің өмірі мен шығармашылығы туралы дерек өте аз. С.Толыбековтың "Қазақ шежіресі атты кітабында Жантөре туралы екі дерек бар.Оның біріншісі бойынша Есімханұлы Қайыптан Жәңгір, Жантөре, Ахметсұлтан..."дейді. Екіншісі: "Сұлтан правитель Арыстан Жантөреұлы Айшуақхан немересі 1855 жылы Есет Көтібарұлы жақын туыстары Ерназар мен Бекет батыр өлтіреді". Мұнда Жантөре Айшуақханның ұлы болып шығады. Айшуақ 1797-1805 жылдары хан болған, сонда Жантөре шамамен XVII-XIX ғасырларда өмір сүрген болады. Бүгінгі таңда домбырашылардың жеткізуінде Жантөренің "Шалқыма" күйінің әртүрлі нұсқалары бар.


Telegram: https://t.me/kuikumbir

Комментарии

Информация по комментариям в разработке