«Кәмелет жасына толғанша әр балаға мемлекеттен 70 мың теңгеден тағайындалуы керек»

Описание к видео «Кәмелет жасына толғанша әр балаға мемлекеттен 70 мың теңгеден тағайындалуы керек»

Еліміздегі әрбір балаға кәмелет жасына толғанша мемлекеттен 70 мың теңгеден тағайындалуы тиіс. Осылай деген ата-аналар қазіргі жәрдемақының ештеңеге жетпейтініне наразы. Сонымен бірге атаулы әлеуметтік көмек те тиісті азаматтарға берілмеген деп отыр. Ел демографиясына үлес қосып, алтын мен күміс алқа алдық деп қуанған аналар, қазір жағдайларының тым қиын екенін айтады.
Мемлекеттің алтын, күміс алқасын алған көп балалы аналар қазір күнкөрістің қиындағанын айтады. Қымбатшылық қысқан заманда балаға киім мен тамақ алып беріп, мектепке жіберу үшін қыруар қаражат қажет дейді. Ал шығындарды толық жабуға Үкіметтен берілетін ақша жетпейді. Сондықтан петиция жазып, мемлекеттен әр балаға берілетін ақыны көтеруді талап етіп отыр.
АЛМАГҮЛ АБДУЛЛАЕВА, Алматы қаласының тұрғыны:
– Әр балаға 70 мың теңге петиция жаздық. Енді соны хотя бы 40 мың жете ме, 50 мың жете ме үкіметтің шамасы 06:50 13 000 теңгеден болады. 13000 теңге дымға да жетпейді ғой былай қарасаң, айлықтың өзі күйеуім 250 мың алады. Оны қайда жеткіземіз. Баланы оқуына жеткізе ме, тамағына жеткізе ме жетпейді ғой мысалы.
Бұдан бөлек аналар төрт баласы бар отбасының үлкені кәмелет жасына толған жағдайда қалған үшеуінен автоматты түрде төлем алынып тасталады деп күйінеді. Демографияны көбейтеміз деп жүргенде тұрмысымыз төмендеп қиын жағдайда қалдық деген әйелдер атаулы әлеуметтік көмектің қажеті шамалы деп отыр. Себебі, мамандар зейнетақы қорынан бастап, мүлікке дейін тексеріп бермеудің амалын жасайды дейді.
КӘМШАТ КАБУЛОВА, Алматы қаласының тұрғыны:
– Көп отбасылар мысалы атаулы әлеуметтік көмек алады ғой. Сол атаулы әлеуметтік көмекті нағыз мұқтаж жандар ала алмай отыр. Себептерін, салдарын тауып, өздерінің қолдарынан келгенше іс-әрекет жасап алғандар алып жатыр да, оның жолын, себептерін білмейтін адамдар мүлдем ала алмай отыр. Даже, атаулы әлеуметтік көмектің не екенін білмейтін аналар бар.
Ал Еңбек министрлігінің өкілдері аналар сөзімен келіспейді. Ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін атаулы әлеуметтік көмек 106 мыңнан астам отбасына яғни, 559 мыңнан астам адамға берілген дейді. Сонымен бірге жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 273 миллиард теңге жәрдемақы берілді деп отыр.
СӘКЕН ДІЛДАХМЕТ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы:
– Бұл бекітілген өзінің әдістемесі бар. Әдістеме негізінде осы жәрдемақы тағайындалады. Осы жерде түсіне кету керек. Жәрдемақы деп отырғанымыз бұл мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға берілетін көмек. Бұл жалақы емес, бұл кәдімгі үлкен көлемде үлкен премиялар емес. Яғни мемлекеттік осы отбасыны қолдау мақсатында берілетін жәрдемақы.
Көңілдері күпті болған ата-аналар бұл істі соңына дейін апарамыз деп отыр. Өйткені, көпшілігі жалғызбасты, әрі жұмыссыз үйде отырғандықтан отбасын асырауға табыстары жетпейтінін айтады.







Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке