Атақты боксшы ДЖОРДЖ ФОРМАН бокстан кетіп,ҚАРТАЙҒАН ШАҒЫНДА тағы да рингке шығады | Кино шолу

Описание к видео Атақты боксшы ДЖОРДЖ ФОРМАН бокстан кетіп,ҚАРТАЙҒАН ШАҒЫНДА тағы да рингке шығады | Кино шолу

Достар! Бүгін біз Джордж Форман деген боксердың өмірбаянына негізделіп түсірілген 2023 жылы шыққан "Джордж Форман: Несокрушимый" деген
керемет киноға шолу жасаймыз... Ал кеттік!

Кино басында Джорджың бокстасып жатқанын көрсетеді.Содан Джордж өзі балалық шағын еске ала бастайды.1960 жыл.Хюстон ауылы.Осы ауылға
Джорд анасы бауырларымен көшіп келеді.Өздері кедей отбасынан.Джордж кішкентай кезінен ерекше ірі денесімен ерекшеленеді.Кешке қарай үйде
бәрі тамақтанайын деп жатқанда,анасы оларға бірінші Аллаға рахметтеріңді айтыңыздар дейді.Джордж артынан тамағын жеп,осы тамақтың аз болғанын
айтады.Сосын Джордж мектепке келеді.Ол жердегі мұғалім,Джордждың киімін қарап,өзінше ұнатпайды.Тіпті,сабақ айтам десе де,сөз бермейді.Кейін
бәрі тамақтанып отырғанда,үстелдерде отырған бір балалар Джорджға сөзбен тиісе бастайды.Джордж ашуланып орнынан тұрып,әлгі құтырмақ баланы
бір береді.Бәрі шошып қарап қалады.Сосын мұғалімдері де жетіп келеді.Джордж қашып кетеді.Уақыт өте келе,Джордж ер жетеді.Қасында Дик деген
досы пайда болады.Бір күні екеуі бірігіп,көшеде кетіп бара жатқан бір адамды тонамақ болады.Джордж оны құлатады.Қалтасын тексеріп жатқанда,әлгі
адам полиция қызметкері болып шығады.Джордж бен досы екеуі жан жаққа қашып кетеді.Сосын Джордж көшеде кетіп бара жатқанда,теледидардан,
жұмыскерлердің іздеп жүргені жайлы бейнені көріп қалады.Джордж бірден анасына барып,сол жаңалықты айтады.Сол жаққа жұмысқа барамын дейді.
Анасы болса,қасына жақындап,сенің бойында одан да күшті дарындылық жатыр дейді.Сол жаққа барғың келіп тұрса,тезірек дайындал дейді.Содан
Джордж әлгі аңсаған жұмысына барады.Ол жерде бәрі қатаң түрде заңды екен.Бірақ 3 мезгіл тамағы бар.Солай Джордж бөлмесіне келеді.Сосын ең
бірінші берілген тапсырма бойынша жұмыс жасай бастайды.Электр тоқ жайлы екен.Маңайда музыка ойналып тұр еді.Джордж барып сөндіріп тастайды.
Бір жігіт оған,неге ашулысың дейді.Оған Джордж,маған кедергі жасап тұр дейді.Бұл жігіттің есімі Дисмонт.Екеуі бір бірімен жақын араласып,алғашқы
болып бірге асханаға тамақтануға барады.Бір кезде тағы да екі кісі келеді.Джордж біреуінің аяғына қарап қалса,Джорджың кедый спорт аяқ киімі екен.
Джордж бірден әлгінің артынан қуады.Сосын жетіп алып,терезеден лақтырмақ болады.Бір кезде Док Брадус деген басшы келіп,Джорджды тоқтатады.
Сосын жүр деп,оны сыртқа шығарады,Мен сені не түрмеге,не болмаса үйіңе жіберемін дейді.Оған Джордж,ол менің кедыйымды ұрлады,ал анам ол
үшін қалай жұмыс істеген еді дейді.Док оны көлігіне отырғызып,жеке құжатымен таныса бастайды.Сосын ақша беріп,кеттік дейді.Оған Джордж,іші
күйіп,мені үйге жібермеңізші,болмайды,менде басқа жер жоқ дейді.Док болса үндемейді.Сосын бір жерге тоқтап,бокстаса аласың ба деп сұрайды.

Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
#КиноШолу #ДжорджФорман

Комментарии

Информация по комментариям в разработке