Мұқағали Мақатаев-Кетер ме екем

Описание к видео Мұқағали Мақатаев-Кетер ме екем

КЕТЕР МЕ ЕКЕМ
Автор: Мұқағали Мақатаев
Оқыған: Ай-керім Әбілхатқызы

Бірде олай ауытқып, бірде бұлай,
Бір байламға келе алмай жүргенімай.
Таулы аймақтың ауасы секілденген
Аумалы да төкпелі күндерім-ай!

Аяз қарып, аптаптың жандыруы-ай,
Бірі шаттық, бірі мұң қалдыруы-ай.
Не туары белгісіз жүкті әйелдей
Не болары белгісіз тағдырым-ай!

Өз-өзінен өзегім өртенгенде,
Өз-өзімнен түңіліп, жеркенгенде,
Сары ауру сарғайтқан науқастайын
Үміт күтем бүгіннен, ертеңненде.

Нені күтем,
Не керек осы маған?
Аяқ-қолым, жанарым, басым аман.
Шаруаның баласы емес пе едім
Күшімменен тамағын асыраған?!

Өмір деген осынау майданда бұл
Қолбасы да, қорқақ та сайрандап жүр.
Өмір менен өлімнің ортасында
Кетер ме екем келе алмай байламға бір?!

© Мұқағали Мақатаев.
#поэзия #поэзияменіңжүрегімде #қазақшапоэзия #МұқағалиМақатаев #Мұқағали #Мақатаев #Кетермеекем #Бірдеолайауытқыпбірдебұлай #өмір #подпишись #подпишисьнамойканал #подпишисьипоставьлайк #ВидеоПОЭЗИЯ

Комментарии

Информация по комментариям в разработке