КТК: Қазақстан жаңалықтары 17.06.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 17.06.2024

Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: @yerlanbi_dauletyar)

ҮМІТТЕРІН ҮЗБЕЙДІ
Германияда отбасылық жанжалдан кейін із-түзсіз жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды. Жергілікті басылымға шыққан қаралы хабарға мұндағы туыстары сенбей, Франкфуртқа аттанған.

ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАДЫ
Таразда төрт метрлік шұңқырға құлап кеткен көлік жүргізушісіне жаза қолданылатын болды. Ал жерді қазып, жылу құбырын жөндеп жатқан мердігер ескерту белгісін орнатпағаны үшін жауапқа тартылмақ.

АЛТЫННАН ДА ҚЫМБАТ!
Алматы облысында екі ауылдың тұрғындары елді мекендерінің маңынан алтынды ашық өндіруге қарсы шықты. Өйткені кезінде ашуға тыйым салынған кеніште адам денсаулығына зиян радиоактивті металл шығады деп қауіптеніп отыр.

БАЗАРДАҒЫ ЖАРЫЛЫС
Малдың басын үйтпек болғанда, қолындағы баллон жарылған. Үсті-басы отқа оранған қасапшымен қоса, тағы 4 адам ауырл халде ауруханада жатыр.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке