Жошы хан кесенесінің жанында тұрғызылған жаңа мазарда кім жерлерген

Описание к видео Жошы хан кесенесінің жанында тұрғызылған жаңа мазарда кім жерлерген

Қарағанды облысы Ұлытау өңіріндегі Жошы хан кесенесінің жанында тұрғызылған зираттар ел назарын аударып жатыр. Дәл осы жерде туыстары жерленгенін айтқан азамат киелі мекенді ата-бабасы Жошы дәуірінен де бұрын мекендеген деп есептейді. Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Жошы хан кесенесін туристік кешенге айналдыруға тапсырма берген еді.
Ұлытаудағы Жошы ханның кесенесінің жанына жаңа мазар салынғанын айтып, алдымен мәселе көтерген белгілі продюсер Нұртас Адамбай. Оның пікірінше, туристік орынға айналған қасиетті жерге қазіргі уақытта мазар салу заңсыз.
НҰРТАС АДАМБАЙ, продюсер:
– Кеше мен бұл мәселеге қатысты фейсбук парақшамда айттым. Қазір Түркістан облысында жүрмін, бұнда тарихи жәдігерлерге құрмет көрсетілген, басқа да өңірлер киелі жерлерге сыйластықпен қараса деймін.
Жошыхан кесенесі жаныдағы зират Жезқазған университетінің ректоры Әбділмәлік Тәкішевтің әкесінікі екен. Кесене 1997 жылы көтерілген. Марқұмның туысы бұл жердің Киікбай елі қорымына тиесілі екенін айтады. Сондай-ақ 800 жыл бұрын ата-бабаларымыз Жошы ханнан бұрын бұл жерді мекендеген шығар деп топшылайды.
ҒАЛЫМЖАН ӘБДІБЕКОВ, «Ұлытау алтын мұрасы» қоғамдық қорының директоры:
– Сол жерде біздің туған-туыстарымыз жерлеген оны біз жоққа шығармаймыз. Құдайға шүкір әкем, шешем бар тағы да басқа туған туыстарымыз бар. Ол Жошыханның кесенесінен бұрын біздің жер болған шығар. Мүмкін Жошыханмен бірге келген кезде біздің жер болған шығар.
Ал осы өңірдің бұрынғы әкімі, қазір Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғали 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жошы хан кесенесі» туристік кешенін таныстырған болатын. Үш жылға созылған кешеннің құрылысы әзір аяқталмаған. Депутаттың айтуынша, туристік орында өзге мазарлардың көтерілуі ол - заңсыз.
БЕРІК ӘБДІҒАЛИ, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
– Тарихи мәдени ескерткіштер заңы бойынша мавзолейдің қасына мемлекеттік қорғаудың мазардың қасында басқа мазарлардың болуы, жаңадан мазар соғу әрине болмайды. Белгілі өзінің талабы бар. Сіз айтып отырған мазар қателеспесем 1997 жылы көтеріп қойған. Әрине оны ешкіммен ақылдаспай соқты. Мәдениет спорт минстрлігімен ақылдасқан жоқ. Жергілікті акиматпен де ақылдасқан жоқ
Ал мәдениет және спорт министрлігі ханның кесенесі маҢындағы мазарларды тек туыстарының рұқсатымен басқа жерге жерлеуге болатынын айтады. Немесе, сот шешімімен көшіруге болады дейді. Бірақ министрлік мүрдені көшіруді жуыр арада жоспарламайтынын айтты.
Диана Сапарқызы











Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#ЖошыХан #кесене #зиярат #Ұлытау #киелі_мекендер

Комментарии

Информация по комментариям в разработке