Ислам модернизмі - дамуға апарар балама көзқарас | Асылтай Тасболат | TEDxAstana

Описание к видео Ислам модернизмі - дамуға апарар балама көзқарас | Асылтай Тасболат | TEDxAstana

Исламды қазіргі заманға сай модернизациялау мүмкін бе? Дінтанушы Асылтай Тасболат бұл сұрақтың жауабын қазіргі ислам ойшылдарынан тапқан. TEDxAstana сахнасында Асылтай бүгінгі қазақ қоғамына модерн исламның рефлексиясы не себепті қажет екенін тарқатып, әлемдік практикаға тоқталады.
«Қазір біз зымыраған XXI ғасырдамыз, ал Құран 7 ғасырда түскен. Қаншама ғасырдан бері адамның санасы, тұрмысы өзгерді», – дейді дінтанушы. Ислам модернизмі болса, аяттардың универсал мазмұнын ашып, оларды бүгінгі заманда дұрыс түсініп, дұрыс қолдануды мақсат етеді.
Асылтайдың айтуынша, елде урбанизация процесі күшейген тұста мұндай трендтердің зерттелмеуі, пән ретінде оқытылмауы, медиада талқыланбауы және кітап түрінде басылмауы – әлемдік ақыл-ой қазынасынан жырақта қалып бара жатқанымызды білдіреді.
Қазіргі таңда қоғамда дінге деген сұраныс, қажеттілік бар, оған сәйкес сұрақ та, қайшылық тудыратын ақпарат та көп. Сол себепті де Асылтай адамдардың ислам жайлы түсінігін прогрессив арнаға бұру маңызды деп санайды: «Дінге келгенде адам сауатты, сыни тұрғыда ойлайтын, мәселені ашық талқылай алатын деңгейде болуы қажет».

Возможна ли модернизация ислама в наше время? Религиовед Асылтай Тасболат нашел ответ на этот вопрос в работах современных исламских мыслителей.
«Сейчас мы живем в 21 веке, а Коран был ниспослан в 7 веке. Многие столетия сознание человека менялось, и образ жизни тоже», — рассказал религиовед. И именно исламский модернизм преследует цель изучить универсальный смысл аятов, их правильное понимание и использование в современном мире.
По словам, Асылтая, в то время как процесс урбанизации страны ускоряется, тот факт, что этот тренд не изучается, не преподается как предмет, не обсуждается в медиа и не публикуются книги на на эту тему — это все приводит к тому, что мы отстаем от важных мировых процессов в исследовании ислама.
Сейчас в обществе есть запрос на изучение религии, соответственно появляется много вопросов и противоречивой информации. Поэтому Асылтай считает важным, что люди должны мыслить прогрессивно в отношении ислама: «Если это касается религии, человек должен быть грамотным, обладать критическим мышлением и быть открытым к обсуждениям».
ҚазҰУ, Философия кафедрасының аға оқытушысы, Ph.D кандидат
«Ислам және модернизм» жобасының авторы Асылтай өз зерттеулерінде көптеген маңызды сұраққа жауап іздейді. Мысалы, исламды заман талабына сай қайта қарау мүмкін бе? Біздің қоғамға адам құқықтары мен өркениет жетістіктерін мойындайтын қазіргі ислам ойшылдарының көзқарастары, ислам феминизмі балама көзқарас ретінде қаншалықты қажет?
Асылтай «Қазіргі ислам ойшылдарының жаңа эпистемологиялық ізденістері: Фазлур Рахман мен Мұхаммед Әбид Жәбири» тақырыбында докторлық диссертация жазуда. ҚазҰУ-да жұмыс істегенге дейін Еуразия ұлттық университеті мен Ахмет Ясауи университетінде оқытушы болған.




Старший преподаватель кафедры философии КазНУ, Ph.D кандидат
Асылтай – автор проекта «Ислам и модернизм», через который он ищет ответы на многие важные вопросы. Например, какова возможность переосмысления ислама в соответствии с требованиями современности? Насколько нашему обществу нужны взгляды современных исламских мыслителей, признающих права человека и достижения цивилизации, и исламский феминизм как альтернативная точка зрения?
Асылтай пишет докторскую диссертацию на тему «Новые эпистемологические исследования современных исламских мыслителей: Фазлур Рахман и Мухаммад Абид Джабири». До работы в КазНУ преподавал Евразийском национальном университете и университете имени Ахмеда Ясави. This talk was given at a TEDx event using the TED conference format but independently organized by a local community. Learn more at https://www.ted.com/tedx

Комментарии

Информация по комментариям в разработке