Бесік той. 1-бөлім

Описание к видео Бесік той. 1-бөлім

#бесіктой #салтдәстүр #КәусарНұрбахқызы

Жанайдар Кәусар Нұрбахқызы

Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясында:
Қорқытпа менің баламды,
Гулей соққан ақ боран.
Балам әже қойнында,
Келе алмайсың сен бұған, - деп басталатын бесік жырын кесдестіруге болады. Мұның барлығы қай кезде де баланы бесікке бөлегенін көрсетеді.
Аңызға сүйенсек, ең алғашқы бесік Жетісу мен Алтайдың бойын мекен еткен Айдархан бидің кезінде пайда болған. Айдархан бидің әкесі, қазақтың даласында ағаш егуді кәсіп қылған Мизам Баб болған. Елге сыйлы Мизам баба 150 жыл өмір сүріп, дала өркениетін өзінің бау-бақшасымен таңғалдырған. Алайда ол мәңгілік сапарға аттанғаннан кейін қытайлықтар қызғаныштан Мизам Баб күтіп, суарған орманды өртеп кетеді. Ал бұл кезде Айдархан би алыс сапарда жүрген. Би түсінде әкесін көреді, бір сұмдықтың болғанын сезген ол, ауылына қарай аттың басын бұрады.
Ол нулы орманның жапан далаға айналғанын көріп қатты қапаланады.
Біраз жылдар өтеді... Айдархан би үйленіп, ең тұңғышы туылады. Бірақ туыла сап, сәби тоқтамай жылай береді. Оған шартарапқа аты шыққан емшілер де көмектесе алмайды. Бір күні бала жылауын тоқтатады. Нәрестені ақ шапан киген бір қария өрттен аман қалған сынық бұтақтарға жатқызып, тербетіп отырады. Айдархан би жақын келгенде, ақсақал ғайып болады. Осыдан кейін Айдархан би баласына әкесі баптап-күткен ағаштан бесік жасап береді. Осылайша бесік көп ұзамай көшпенді халықтың ажырамас мұрасына айналды.

💕Деніміз сау, отбасымыз аман болсын!💕

#Шаңырағымызда тек жақсылық, той болсын! 🏡🌻🏡

#Баршаңызға бесік той жұғысты болсын! 🍬🍬🍬

Видеодағы біраз әндердің авторлық құқығына байланысты өшіріліп, басқа музыкалар қойылды. 🎶🎤🎶

шілдехана, бесік той, тұсау кесер, тілашар, сүндет той, құда түсу, сырға салу, беташар той қазағымның сарқылмас дәстүрлері.

#ТурсынайСерикбаева 🍭🍭🍭

Комментарии

Информация по комментариям в разработке