Уыз қымыз - биені алғаш байлап, жаңадан ашытылған қою қымыз. Уыз қымызды ашытуға қазы, жал майы, бидай, құрт, айран, қатық, ашыған көже, рауғаш т.б. ашытқы ретінде пайдаланылады.
Бал қымыз - жылқының сүр қазысын қосып, әбден бабына келтіріліп пісілген қымыз. бұл басқа қымызға қарағанда сары әрі қою, дәмді, жұғымды, тұщы болады. Қымызға тәттілік дәм беру үшін бал, қант, өрік мейіз қосып та піседі. Бал қымыз көбінесе сырқат адамға, балаларға, сондай ақ жас босанған әйелдерге арналады.
Тай қымыз-бір күн сақталған қымыз. Құнан қымыз - екі-үш күн сақталған, толық ашымаған қымыз. Ол саумал ішпейтін адамдарға беріледі. Кейде ол ас пен тойларға апару үшін, ұзақ отырыстарда ішіп отыру үшін даярланады.
Дөнен қымыз - үш-төрт күн сақталған өте күшті қымыз.
Бесті қымыз - төрт-бес түн сақталып, ашуы әбден жеткен қымыз. Қымыз түрлері мен ерекшеліктерін халық жылқы атына байланыстыра атайды. Мұнымен қатар шөп буыны қатып, күзде сауылатын қымызды «сарықымыз» дейді. Бұл кезде қоныс аудару сияқты көшіп қонудан қымыз көп шайқалып, көп пісіледі де, ірімтігі жақсы жазылып, ашуы білінбей, қымыздың күші өз бойына сіңген сарғылт болады. Жаңа сабаның иісі, дәнге толған гүл - бәйшешек шырындары қымызға ерекше дәм береді. Сары қымызды ішкен адам жадырап терлегіш, көп ішсе маужырап ұйықтағыш келеді. Мұның қуаты күшті әрі емдік қасиеті де жоғарылай түседі. Қыста қысыр биелерді қолда ұстап сауып, оны «қысырақтың қымызы» дейді. Бұл нағыз сапалы, қасиетті дәру, шипалы сусын деп аса жоғары бағаланады. Құлық биенің «алғаш құлындаған бие) қымызын «қысырақтың қымызы» дейді. Жас биенің сүті болғандықтан бұл бірнеше құлындаған биенің қымызынан қуаты да жоғары болады. Бұрынғы қымыздың үстіне саумал қосылса оны «түнемел қымыз» дейді.
Оңтүстік - http://shymkenttv.kz
Facebook - / ontustiktv
VK - https://vk.com/ontustiktv
Twitter - / ontustiktv
Instagram - / ontustiktv
Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaq...
Google Play - https://play.google.com/store/apps/de...
Youtube-тағы арнамызға мына сілтеме https://clck.ru/FYBFN бойынша жазылып, ең танымал, ең пайдалы, ең қызықты видеоларды тамашала.
Информация по комментариям в разработке